×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Пифагор теоремасы және формуласы

Создание сайта в Алматы

Тікбұрышты үшбұрыш дегеніміз бір бұрышы тік, яки 900 градусқа тең бұрышы бар үшбұрыш. Осындай үшбұрыштарға Пифагор теоремасы орынды.

Пифагор теоремасы

Схемада көрсетілген үшбұрыштың c қабырғасы, яки оның ең үлкен қабырғасы үшбұрыштың гипотенузасы деп аталады, ал қалған екі қабырғалары катеттер деп аталады. Гипотенуза тік бұрышқа қарама-қарсы орналасқан.

Пифагор теоремасы 8 сыныпта оқылады. Бұл ғылымда көп қолданылатың теорема, формула боп табылады. Математикадан басқа пәндерде де, мысалы физика мен химияда.

Пифагор теоремасының формуласы

Гипотенузаның квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең:

c2 = a2 + b2

Мысалы, тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті 3 метрге ал екінші катеті 4 метрге тең болса, гипотенузасы неге тең?

Пифагор теоремасы бойынша, c гипотенузаның квадраты:

c2 = 32 + 42

c2 = 9 + 16

c2 = 25

c = 5

Жауабы: гипотенузаның ұзындығы 5 метр.

Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 13, ал бір катеті 5 тең болса, екінші катеттің ұзындығы неге тең?

Пифагор теоремасы ғылым мен техникада кеңінен қолданылады. Мысалы геометрияда бұны жиі қолданады.

Пән: Геометрия