× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Атомның планетарлық моделі. Атомның моделі

Адамзат ерте заманнан-ақ атомдар мен молекулалардың бар болуын болжаған. Микроскоптар пайда болған уақытқа дейін, сонау көне заманда (көне грек философы Демокрит).

Бірақ атомның өзі қалай құралған, атомның ішінде не бар? Атомның құрылысы қандай? Бұндай сұрақтарға жауап ретінде көптеген моделдер, болжамдар пайда болды. Соның бірі Э.Резерфордтың атомның планетарлық моделі.

Атомның планетарлық моделінің сипаттамасы

Атомның қақ ортасында ядро бар, бұл ядроның өлшемі шағын әрі ядроның массасы зор. Ядроның айналасында электрондар айналып тұрады, Күнді планеталар айналып тұрғандай.

Атомның моделі Күн жүйесіне ұқсас болғандықтан, планетарлық деп аталған.

Бұл модельді былай схемада көрсетуге болады:

Атомның планетарлық моделі

Планетарлық моделдің кемшіліктері

Бұл модель бойынша электрон ядроны айналып, жарық шығаруы тиіс еді, себебі ядро мен электронның зарядтары бар. Және барлық кинетикалық энергиясын жарық шығаруға жұмсағаннан кейін, классикалық механика постулаттарына сәйкес, ядроға құлауы тиіс еді. Яғни атом ұзақ өмір сүре алмас еді.

Ал бұл практикалық бақылауларға қайшы, себебі атомдар табиғатта ұзақ уақыт бойы тұрақты болады.

Негізінен бұл модель тек алғашқы болжам ғана, кейінгі модельдер және кейін пайда болған кванттық механиканың принциптері бұл модельдің кемшіліктерің айқындады.

Бірақ оқушыларға атомның планетарлық моделің елестету жеңіл!

Пән: Физика