× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Органикалық химия

Химиялық қосылыстар органикалық және органикалық емес (бейорганикалық) боп екі үлкен топқа бөлінеді. Органикалық дегеніміз құрамында көміртегі элементі бар химиялық қосылыстар. Органикалық химия осы қосылыстарды зерттейді.

Органикалық заттардың құрамында көміртегі бар болғандықтан, органикалық қосылыстар өте көп түрлі болады. Себебі көміртегі атомдары химиялық қосылыстарды құруға қолайлы химиялық элемент. Органикалық қосылыстардың саны органикалық емес заттардан әлде қайда көп.

Табиғаттағы органикалық қосылыстар

Органикалық қосылыстарды - жануарлар, өсімдіктер, бактериялар "өндіреді". Мысалы сиыр сүт береді, сүт органикалық зат. Я болмаса адамдар мен жануарлардың ағзалары сан түрлі аққуыздарды синтездейді, аққуыздар да органикалық заттарға жатады. Шәш, тері, тырнақ, қан, жүрек, бауыр, ет тағы сол сияқтылары органикалық заттардан құралған. Яки осы заттардың құрамында көміртегі элементі бар.

Сонымен қатар органикалық қосылыстарды химиялық жолмен де синтездейді. Органикалық химия әдістері осы заттарды түзу үшін пайдалынады.

Органикалық қосылыстардын мысалдары

Органикалық қосылыстарға метанды жатқызуға болады. Метан жер астынан мұнай мен көмірді өндіргенде кездеседі. Метанның химиялық формуласы CH4.

Этиль спирті немесе кәдімгі спирт. Осы заттын химиялық формуласы C2H5OH.

Органикалық химияның маңыздылығы

Органикалық химия экономиканың барлық салаларында қолданылады. Пластмассалар, резенкелер, синтетикалық маталар, дастарханға жаятын жұқа клиенкалар, маталарды сан түрлі түстерге бояуға қажетті бояулар, қолыныздағы пластмасс қаламсап және тағы сол сияқтылары осы ғылымның жемісі.

Пластмасса - органикалық химияның өнімі

Органикалық химияның тағы бір қолданысы бұл жаңармай өндіру. Бензин, керосин сияқты жаңармайлар органикалық қосылыстарға жатады.

Асты сақтауда қолданылатын консерванттар, яғни асты ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін қосылыстардың да көбі органикалық қосылыстарға жатады.

Пән: Химия