× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жылу алмасу, жылу ұғымы. Жылу деген не?

Кейбір заттар суық, кейбір заттар жылы болады. Мысалы қайнаған су ыстық, тоңазытқыштағы мұз суық. Қасықты ыстық сорпаға салсаныз сорпаның ыстығы қасықты қыздырады, қасықты суық суға салсаныз су қасықты салқындатады.

Бұл процестердің барлығында жылу ұғымы маңызды рөл атқарады.

Жылу деген не?

Жылу деген не? Жылу дегеніміз заттың атомдары мен молекулаларының қозғалысына байланысты туындайтың физикалық ұғым. Заттағы молекулалар мен атомдар неғұрлым шапшан қозғалса, соғұрлым дененің жылуы, температурасы артық болады. Бұны микроскоптың көмегімен көруге болады.

Жылуы көп заттар, атомдар мен молекулалрдың қозғалысы нәтижесінде ұлғайады. Бұны жылулық ұлғаю деп атайды.

Жылу алмасу

Жылу ыстық заттан суық затқа алмасады, бұны жылу алмасуы деп атайды. Мысалы мұзды ыстық күні асфальтке қойсаңыз не болады? Мұз ериді де суға айналады, су жылынады. Бұл қоршаған ортаның жылуы мұзға алмасқанының белгісі.

Жылу ыстық заттардан суық заттарға алмасуға бейім болады.

Себебі жылдамдығы көп молекулалар мен атомдар (жылуы көп зат, схемада қызыл түсті), шекаралас аймақтарда баяу қозғалған молекулалар мен атомдармен (жылуы аз зат, схемада көк түсті) соқтыққанда баяулайды:

Жылу алмасу

Осының нәтижесінде жылу ыстық заттан суық затқа алмасады.

Пән: Физика