× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Механикалық қуат

A механикалық жұмыс t уақытта атқарылса, P қуат шамасы мына формула арқылы аңықталады:

P = A/t

Қуаттың өлшем бірлігі Ватт, қысқаша Вт. Бір Ватт дегеніміз бір Джоуль жұмыстың бір секундта орындалуы.

Мысалы ат арба бір минутта 3 600 000 Дж жұмыс атқарса, ат арбаның қуаты неге тең?

P = A/t

P = 3 600 000/60 (бір минут = 60 секунд)

P = 60 000 (Вт)

Жауабы: ат арбаның қуаттылығы 60 000 Ватт.

Қуат ұғымының физикалық мағынасы

Қуат ұғымының формуласынан (P = A/t) байқайтынымыз, қуат неғұрлым көп болса, соғұрлым аз уақыт жұмысты орындауға жұмсалады. Яғни қуатты жұмысты орындаудың "жылдамдығы" деп түсіне аламыз.

Мысалы, бір құрылғының қуаты 20 Ватт, ал екіншісінің 800 Ватт болса, онда екінші құрылғы бір жұмысты біріншісіне қарағанда 40 рет тез орындайды!

Механикалық жұмыстың формуласы A = F S cosα ескерсек:

P = A/t

P = F S cosα /t

S/t = v

P = F S cosα /t = F v cosα

P = F v cosα

Есеп, құрылғы 90 миллион Дж жұмысты алты минутта орындаса, оның қуаты неге тең?

Орташа қуат

Жұмыс біркелкі орындалса механикалық қуат жоғарыдағы формулалар арқылы аңықталады. Жұмыс біркелкі орындалмаса орташа қуат ұғымы қолданылады:

Pорташа = A/t

Орташа қуатты жұмыстың орташа "жылдамдығы" деп түсінуге болады.

Пән: Физика