× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жақшаны ашу ережесі, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Жақшаны ашқанда бірінші көбейту және бөлу амалдары орындалады, кейін қосу және алу амалдары орындалады.

Мысалы мына жақшаны ашайық:

2*(x - 5) + 4

2*(x - 5) + 4 = 2*x + 2*(-5) + 4 (көбейту қосудан басым)

2*(x - 5) + 4 = 2x - 2*5 + 4

2*(x - 5) + 4 = 2x - 10 + 4

2*(x - 5) + 4 = 2x - 6

Жақшаны ашуға арналған есептер

Жақшаны ашу ережесің пайдалана отырып мына жақшаларды ашыңыз:

1) 3*(x - 2) + 2

2) (x - 1)(x + 4)

3) (2y - 3)(3 - 5y)

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Кейде жақшаны ашуға қарама-қарсы амалды, жақшаға алуды орындау кажет болады. Мысалы ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару тәсілін көрсетейік:

2x + 7xy = x(2 + 7y)

Бұл мысалда x ортақ көбейткіш еді, себебі бұл 2x-те де, 7xy-те де болған еді.

Ал мына мысалда ортақ көбейткіш 5 тең:

5a - 15b

5a - 15b = 5a - 5*3b

5a - 15b = 5(a - 3b)

Мына өрнектің ортақ көбейткішін жақша сыртына шығарыңыз:

7a + 21b

Пән: Алгебра