× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Көбейту амалы және оның қасиеттері. Көбейту және бөлу

2*3 көбейтіндісі нешеге тең?

Бұны былай табамыз:

2*3 = 2 + 2 + 2 (2 саның 3-рет қостық)

2*3 = 6

Сонымен 2*3 = 6.

Немесе 4*5 көбейтіндісін табайық:

4*5 = 4+4+4+4+4 (5-рет қостық)

4*5 = 20

7*2 көбейтіндісің осы жолмен табыңыз.

Көбейту амалының аңықтамасы

n және m сандарының n*m көбейтіндісі дегеніміз n+n+...+n тең сан:

n*m = n + n +...+ n (m-рет қостық).

Мысалы 4*2 = 4 + 4 = 8

Көбейтудің қасиеттері

1) n*m = m*n, көбейту амалы коммутативті.

Мысалы 2*3 = 3*2 = 6

Немесе 4*5 = 5*4 = 20

2) a*(b + c) = a*b + a*c, көбейту амалы ассоциативті.

Мысалы 2*(10000 + 2) = 2*10000 + 2*2 = 20000 + 4 = 20004.

Көбейтудегі сандардың таңбалары

Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі оң, ал таңбалары әртүрлі болған сандардың көбейтіндісі теріс болады.

Мысалы 2*(-3) = -6, себебі 2 және -3 сандардың таңбалары әртүрлі. Ал (-2)*(-3) = 6, себебі -2 және -3 сандардың таңбалары бірдей.

Көбейту және бөлу

Бөлу көбейтуге кері амал. Мысалы 2*3 = 6 болса, онда 6/3 = 2 тең, себебі 2*3 = 6.

Көбейту және бөлу амалдары осылай аңықталды. Бөлу де ассоциативті:

(a+b)/c = a/c + b/c

Мысалы 303/3 = (300+3)/3 = 300/3 + 3/3 = 100 + 1 = 101.

Пән: Математика