× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Салыстырмалы атомдық масса

Атомдар мен молекулалардың массалары тым аз болғандықтан, химияда осындай салмақтарды белгілейтің арнайы шама - массаның атомдық бірлігі (м.а.б) бар, бұл көміртегі атомының массасының 1/12 бөлігіне тең (1,66.10-27 кг) шама.

Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз атом массасының 1 м.а.б-нен неше рет үлкендігін көрсететің сан. Бұны Ar деп белгілейді.

Көміртегі атомының салыстырмалы атомдық массасы 12 м.а.б-ге тең, ал сутегінің 1 м.а.б-ге тең.

Басқалай айтсақ салыстырмалы атомдық масса, атомның массасының көміртегі массасының 1/12 бөлігінен неше рет үлкендігін көрсететің сан.

Химиялық элементтер атомдарының салыстырмалы атомдық массалары Менделлевтің кестесінде көрсетілген:

Менделеев кестесі

Не себепті бұлар бөлшек сан боп тұр?

Менделеевтің кестесінде, көміртегінің салмағы 12,011 м.а.б деп көрсетіліп тұр, м.а.б аңықтамасы бойынша көміртегінің массасы 12 м.а.б тең болуы керек қой! Неге бұл сан бөлшек боп тұр? Бұның себебі, изотоптарда.

Табиғатта көміртегі атомының екі тұрақты түрі бар, бұлардың салмақтары 12 (жерде бар көміртегінің 99% осыған тиесілі) және 13 м.а.б тең. Осы изотоптардың орташа салмағы (жердегі үлесін ескере отырып) 12*0,99+13*0,01 = 12.01.

Пән: Химия

Комменттер

Табиғатта бордың екі тұрақты изотопы белгілі. Табиғатта бордың оныншы изотопының 20%-ы, ал он бірінші изотопының 80%-ы тараған. Бордың орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз. Жауабыңызды үтірден кейін жүздік санға дейінгі дәлдікпен көрсетіңіз.Осын шығырып беріңізші түсіне алмай қойдым алдын ала рахмет!

Максат Абуов

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Бордың 10 изотопы 20% ал 11 изотопы 80% боп Жер планетасында тараған. (20%*10+80%*11)/100 = 10.8. Жауабы: 10.8 м.а.б

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою