× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Электрон деген не

Электрон деген не? Электрон дегеніміз теріс таңбалы заряды бар элементарлы бөлшек. Атомдағы электрондар, Нильс Бордың планетарлық моделіне сәйкес, атомның ядросын айналып тұрады:

Электрон

Атомның ядросында оң таңбалы протондар бар болғандықтан, электрон ядроға кулон күшімен тартылады.

Электронның электр заряды ең кішкентай заряд боп есептелінеді, осы заряд жуықтап алғанда −1,602·10−19 Кл тең. Бұл табиғатта ең кішкентай заряд, бұны элементар электр заряды деп атайды.

Металдардағы бос электрондар электр тоғын өткізеді. Осының салдарынан барлық металдар электр тоғын жақсы өткізеді.

Пән: Физика