× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бәрінен де сен сұлу өлеңі

Бәрінен де сен сұлу өлеңінің тексті

Жаз күніндей жайнаған
Масатыдай жер сұлу.
Аққу, қаздар тойлаған
Айдын шалқар көл сұлу.

Қайырмасы:
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан,
Бәрінен де сен сұлу.

Нұрын төккен қырмызы
Аспандағы күн сұлу.
Жымың қаққан жұлдызы
Айлы кеште түн сұлу.

Қайырмасы.

Тәрбиелі тамаша,
Бал мінезді жар сұлу.
Таңданарлық қараса,
Талай абзал бар сұлу.

Пән: Қазақ әдебиеті