× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Агломерация дегеніміз не?

Агломерация дегеніміз не? Бірнеше елді мекеннің жақын орналасып, бір-бірімен экономикалық, мәдени, транспорттық байланыстары бар елді мекендердің жиынтығын агломерация деп атайды.

Қазақстанда агломерациялар облыс орталықтары мен екі астананың маңайында қалыптасқан. Қазақстандық агломерациялардың ең ірісі Алматы агломерациясы.

Алматы агломерациясы

Алматы қаласы Қазақстанның онтүстік-шығысында, Жетісуда, орналасқан ірі мегаполис (1 миллионнан астам тұрғыны бар ірі қала мегаполис деп аталады):

Агломерация

Картадан көрініп тұрғандай, Алматы қаласының маңайында көп елді мекендер бар, агломерация дегеніміз осы. Бұл елді мекендердің тұрғындары, қалаға барып - жұмыс істейді, оқиды, тауарларды сатып алады, көлігін жөндейді,... Ал қаладағылардың кейбіреулері керісінше ауылға барып демалады, жұмыс істейді,...

Агломерацияның ортасында ірі қала болады, бұл қалағы жақын орналасқан ауылдар, қаланың ауданы артқанда, қалаға біртіндеп еңеді. Қала біртінде маңайындағы ауылдарды өзіне қосады.

Пән: География