×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Эпитет деген не? Эпитет қазақша. Эпитет мысалы

Создание сайта в Алматы

Эпитет дегені не? Батыр Баян дегені эпитет. Осы қаһарман бабамыздың атына батыр деген атақ жалғанып тұрғандықтан оның кім екенің бірден аңғара аламыз. Баянның ержүрек, батыл адам екенін батыр деген эпитеттен бірден танимыз.

Тағы бір мысал Жиренше шешен. Жиренше сөзге бай дүлдүл адам еді. Оның жұрт алдында сөз сөйлеп елді тура жолға сала алатындығын қасиетін шешен деген эпитетінен танимыз.

Эпитет бұл сөздің мағынасын айқындайтын тіркес не сөйлем. Мысалы жанағы батыр деген эпитеті. Осы эпитеттін көмегімен адамның қадыр-қасиеті айқын беріледі. Метафорадағыдай жасырын емес.

Эпитет мысалдары

Тағы бір мысалы ер жүрек дегені. Бұны қалай түсінеміз? Ер жүрек дегенді батыр адам деп түсінеміз. Тіке жүрек батыр деп ойламаймыз, оның иесін ғана.

Әз-Жәнібек деген эпитетті барша қазақ біледі. Әз дегені ақылды дегенді білдіреді. Демек әз-Жәнібек дегенді данагөй Жәнібек деп түсіну керек.

Қажы Мұқан дегені де эпитет. Қожа Ахмет Иассаиу дегені де эпитет. Қажы деп Меккеге, қажылыққа барған адамды атайды. Қожа деп тақуа, Пайғамбар ұрпағы болған адамды атайды.

Пән: Қазақ әдебиеті