×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Метафора деген не? Метафора ережесі қазақша. Метафора мысалы

Создание сайта в Алматы

Метафора деген не? Метафораның бір мысалы - қарт Алатау. Алатау дегеніміз баршаға таныс биік тау. Бұл тау миллиондаған жыл бұрын пайда болды.

Эпитет деген не?

Атам қазақ қарт деп жасы ұлғайған шал мен апаны атайды. Соңдықтан қарт Алатау дегенді осы таудың жасы үлкен деп түсінуіміз керек. Яғни сонау заманда пайда болған дүние деп. Осы жерде Алатауды қарт атаммен салыстырып тұрғандықтан бұл метафора болады.

Метафора ауыспалы мағынада, бір сөздін ерекше қасиетін айқындау үшін қолданылатын басқа сөз не сөйлем. Қарт Алатау дегенде Алатауды қарт адаммен салыстырдық. Себебі Алатаудың шыңдарында жасы үлкен, қарт адамдардың ағарған шашындай ақ мұз бен қар жатады.

Тағы бір мысалы есекке ұқсас әкім. Бұны қалай түсінеміз?

Метафора деген не?

Әкімнің ой-санасы есектей төмен денгейде, мінезі қырсық, айтқаннан қайтпайтын деп. Әкім топас және қырсық деп түсінеміз. Осы жерде әкімді есекпен салыстырамыз. Есектің қандай болатының барша жұрт таниды. Есектің көмегімен әкімнің қадыр-қасиетін танимыз. Тіке топас не надан деп айтпасақ та астарлы сөзбен айттық. Демократия орнамаған елдерде барша әкімдер есек тәріздес болады.

Метафора қазақша

Метафора ережесі қазақша осылай түсіндіріледі. Метафора сөзі көне грек тілінен алынған. Мағынасы ауыспалы мағына дегенді білдіреді. Бұл терминді Аристотель ғылымға енгізген.

Заман түлкі болса тазы боп шал деген мақал бар. Заман түлкі дегенді қалай түсінеміз? Заман түлкі дегенді өнкей қу қоңыстанған уақытты, атаймыз. Тазы боп шал дегенді ше? Бұның мағынасы қу адамдарға жем болмай амалын тап дегенді меңзейді. Тазы сияқты жүйрік, қайсар бол деп.

Мысалы қыздың күміс дауысы дегені де метафора. Осы тенеуде қыздың дауысы сыңғырлаған күміс қоңыраудай шығатының елестетеміз. Эпитетте тіке айту бар болса метафорада жасырын салыстыру бар.

Пән: Қазақ әдебиеті