×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тоталитаризм деген не? Фашизм деген не? Шовинизм деген не?

Создание сайта в Алматы

Фашизм деген не? Фашизм дегеніміз өзге елдерді менсінбей, өзінен кем етіп ойлау. Елді басқару тетіктерінің түгелдей мемлекеттін қолында болуы, бір идеологияның орын тебуі, бір адамды өзгеден ерекше деп ел басы не көсем деп атау. Фашизм демократияға мен либерализмге қарсы ұғым.

Фашистік билік өзіне қарсы тұрғандарды бандиттер, терорристер, бандылар деп айыптап көзін құртқан. Көбісі күнәсіз болса да. Мысалы В. Сталин алашордалықтардың көбіне халық жауы, Жапонияның шпионы деген жала жауып құртқан. Ахмет Байтұрсынұлы қандай шпион болған? Ал Мағжан Жұмабайұлы ше? Сіз бұған сенесіз бе? Ал кешегі заманда елдің көбі бұған сеніп қалған.

1922 жылы Италияда билікке келген Бенито Муссолини бірінші фашистік мемлекетті құрды. Фашистік мемлекет деп еске алғанда оны емес, 1933 жылы Германияда билікке келген Адольф Гитлердің үкіметін атайды.

Фашизм деген не?

Шовинизм деген не?

Шовинизм деген не? Шовинизм дегеніміз фашизмге ұқсас дүние, өзге елдерді менсінбей және оларды кем етіп санап жерін иелену. Мысалы Америкада еуропалықтар үндістерді өзінен кем деп санаған. Үндістерді шөл далаға айдап, қырып тастап олардың жерін өздері иемденген.

Аңыз бойынша Францияда қолынан боқ та келмейтін Николя Шовен деген жармес бопты. Сол Н. Бонапарттың әскерінде соғысыпты. Талай жылдар бойы өзге елдерді тонауға бейімделгендіктен, Н. Бонапарт билігі құлағаннан кейін сол заманды армандап кетті. Бонапартпен талай елді қырдық, талай елден үстем болдық деп армандап, ақыры бишара, кедей, қайыршы боп қайтыс болған.

Тоталитаризм деген не?

Тоталитаризм деген не? Кешегі Адольф Гитлер қалаған фашистік Германия тоталитаристік мемлекет боп табылады. Себебі фашистік мемлекеттерде бір идеялогияны басым ету, бір саяси партияға ғана жол беру, сөз бастандығына тыйым салу, адамның жеке өміріне араласу, өзгеше ойлайтындарды құрту, оппозицияны жою дегендері орын тепкен.

Адам не газет өзінше әрекет ете алмаған. Мысалы биліктегі фашистердің әрекетін сынай алмаған. Сынаса түрмеге қамалатын. Билікке қарсы келетін барлық ғалымдар, ақындар мен жазушылар елден қуылды. Не биліктің айтқаның екі тепей орындап жатты. Мысалы Альберт Эйнштейн Германиядан кетуге мәжбүр болды.

Эйнштейнің бар "айыбы" еврей, демек қаны фашистердің пайымдауынша "лас" болғаны. Солтүстік Еуропалықтардан басқасын, соның ішінде қазақтарды фашистер қаны "лас" деп таныған. Германдықтар өздерін көне ұлы арийлерміздің ұрпағымыз деп санаған. Тарихты білмеген байқұс Адольф Гитлер, арийлер сенің ата-бабан емес, арийлер Қазақстанды мекендеген көне тайпа. Сенен гөрі бізге жақын ел. Бұны оған соғыста ерлігімен ерекше көзге түскен Бауыржан Момышұлы сияқты батылар еске салған.

Қысқасы тоталитаризм бұл мемлекеттің адамға керекті дүниелерді түгелдей қадағалау, басқару, биліктің өз айтқаның екі етпей орындау. Таңдау жоқ мемлекет тоталитаристік деп табылады.

Қазіргі тоталистаристік мемлекеттер

Қазіргі заманда орын тепкен көптеген елдерді Батыста тоталитаристік деп атай береді. Мысалы ТМД аумағындағы диктаторлық мемлекеттердің көбін тоталитаристік деп Еуропада таниды. Саяси оппозицияны құртқан, елдің байлығын өзіне иемденген, парақор өкіметті демократиялық елдерде онша дәріптемейді.

Еуропада президентке көлеңке түссе, басынан бағы кетеді. Парақорлыққа жол берді деген күдік пайда болса, сайлауда ойсырай жеңіледі. Парақорларға жем боп жүрмейді. Елдің бар байлығына өздері ие боп, шапшаң дамиды. Әділ сайлау, еңбекқорлық пен нарықтық экономиканың арқасында, кеше ғана кедей болған Оңтүстік Корея қазір қандай бай десеңші!

Азия мен Африкада талай тоталитаристік елдер бар. Тоталитаризмнің күні ұзаққа бармайды. Атам қазақ айтқандай - Бұқаға туған күн, бузауға да туады. Ертелі ме, кеш пе, әйтеуір елдің көкірегі оянып ел әрекет етуге бейім бола салады. Кешегі қақбастың басын жарып шың тәуелсіздікке қол жетеді. Диктаторлар мен парақорларсыз өмір сүре бастап, бай бақытты боп қалады.

Пән: Саясат