×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Либерализм деген не? Либерал кім? Қазаққа либерализм керек!

Создание сайта в Алматы

Либерализм деген не? Либерализм дегеніміз адам бостандығын, сөз бостандығын, жаңа ойларды, жаңа тәсілдерді қолдауды керек деп санайтын бағыт. Либерализмді бағыт етіп таңдаған адам либералист деп аталады. Либералистер өзгенің құқығын таптамайды. Олар керісінше өзгелерді сыйлауды дәріптейді. Сөз бостандығы, әділ сайлау, тең құқықтар керек деп санайтын адамдар нағыз либералистер.

Мысалы кешегі Қаныш Сәтбаев нағыз либералист еді. Геология Институтының директоры не Қазақстан Академиясының президенті болған кезде алдына келген жастардың қолын қақпады.

Либерализм деген не? Қазақтың либералисі Қаныш

Өзгенің ойын тындап, құлақ салып отырған. Жастарға жол беріп қолдаған. Қазақстанда талай кен орындарын тапқан ұлы ғалым менменшіл болмады.

Керісінше жаңашыр болып жаңа технологияларды, жаңа әдістерді қолдануды жөн көрді. Қазіргі Қазақстанның қалаларын, зауыттарын салғандар осы Қаныштың құрдастары. Ғылымда консерваторлардың жолы тар болады. Себебі жаңа тәсілдер ескілерінен гөрі тиімдірек болады.

Либералистік партия

Либералистік партия дегеніміз жаңа тәсілдерді қолдану керек деп бағыт алған саяси ұйым. Елді көркейту үшін жаңа технологияларды қолдану керек дейтіндер. Батыс Еуропада либералистік партиялар көп. Олар консерваторлық пен социалистік партиялармен қатар жүреді.

Либералистік партия Қазақстанға ауадай керек! Себебі ескі саяси партиялар бәлендей деген биікке жеткізбеді. Елге бәлендей игілік әпермеді. Демек саяси тұрғысынан жаңару керек. Саяси жаңару болмай халық кедейшілік шеңберінен шыға алмайды.

Мысалы ауыл, аудан, қала, облыс әкімдерінің сайлануы керек. Ел арасында беделі жоқ адам әкім болмауы керек. Қазақша екі ауыз сөз айта алмаған адам қалайша облыс әкімі не министр боп тұр?

Дамыған әрі бай капиталистік елдердің барлығы дерлік либералистік сипатта. Тек саяси тұрғысынан ғана емес сонымен қатар күнделікті өмірде де. Мысалы заңдары дамымаған елдерге қарағанда жеңілдеу. Пайдалануға қолайлы боп тұр. Адам бостандығына қол сұқпайтындай етіп жасалған.

Әлемде қай ел кедей? Сол елде халыққа тиімді болмайтын заңдар бар. Экономика даму үшін саяси және қаржылық бостандық керек. Сөз бостандығы керек. Саяси партиялардың бостандығы керек. Нарықтық экономика саяси бостандығы жоқ елдерде баяу дамиды. Бәсекелестігі жоқ экономика кризиске ұшырайды.

Пән: Саясат

Комменттер

Сәлеметсізбе осы Либералистік партияның құрамын,электорат, саяси программасы,мақсаты,лидерін айтып бере аласызбв

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсізбе!

Либералистік партиялар көп. Әрбір демократиялық елде осындай партиялар бар. Солардың бірі 18 ғасырдың соңында Ұлыбританияда құрылған Либеральдық партия. Оның басқарушылары бай ақсүйектер еді. Электораты алғашында байлар одан кейін қараша халық болған. Халықтын қолдауын табу үшін осы партия барша жұмысшы жұртқа қажетті реформаларды билікке қол жеткенде енгізді.

Мысалы 1884 жылы Англияда баршаға сайлау құқығын беретін заң қабылдады. Оған қоса сауданы дамыту, еңбек қауыпсіздігін қамтамассыз ету, бәсекелестікті қорғау сияқты заңдарды қабылдады. Саяси бағдарламасы қараша халықты қолдау.

Аса көрнекті көш басшысы Вильям Гладстоун еді. Осы адам Либеральдық партияны талай жылдар бойы басқарды. Саулауда жеңіп төрт рет Ұлыбританияның премьер-министр болды. Бұл партияның басқа өкілдері де премьер-министр болған. Мысалы Арчибалд Примроуз, Генри Кэмпбелл-Баннерман, Герберт Генри Асквит, Дэвид Ллойд-Джордж.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою