×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Консерватизм деген не? Консервативтік партия

Создание сайта в Алматы

Консерватизм деген не? Консерватизм бұл дәстүрлі құндылықтарды сақтауды көздейтін ұғым. Мысалы қазіргі қазақтын тойы осындай консервативтік сарында. Яғни екі жас үйлену үшін дәстүрден аттамау керек. Ірі той жасау, қалын мал төлеу, ана сүтін беру, құдағиға шапан кию, апаларға сырға тағу дегенге талай ақша, қаражат жұмсау керек.

Қазіргі қазақ жастары арасында бұл дәстүрден аттағандарды кездезтіру қиын. Той жасамай үйлену ерсі көрінеді. Орыстар сияқты пәтер ішінде, ата-анасы мен көршілерін шақырып, туған күн сияқты өткізе салмайды. Қазақ қарызға белшеден батып, үлкен той жасап, кредитін бір-екі жыл төлеп жүреді.

Не үшін? Кім үшін? Ата-аналары одан гөрі заманауи, шағын той жасап, қалғанын жастарға бере салмай ма. Мысалы ипотекаға ақша құйып жастарға үй алмай ма? Бай әрі дамыған капиталистік елдерде ақшаны үнемдей алады. Бұлар қазақ сияқты ескі дәстүрлерді дәріптеп ақшаны шашпайды.

Консерватизмнің пайдалы тұстары да бар. Мысалы әдепті сақтап, көрінгенге жабыса бермейтін, қазақи дәстүрге сай инабатты, сыпайы қыздарды жігіттер сыйлайды. Ондайларға кейін үйленуге де даяр болып тұрады. Себебі ар-намысын сақтаған ару үлгілі ана бола алады. Заманауи мини юбка киген қыздан гөрі сәнді көйлек киген қыз сүйкімді.

Консервативтік партия

Конвервативтік партия, консерваторлар дегенді жаңалықтарда жиі естиміз. Шетелде көп саяси партиялар бар. Солардың бірі консервативтік. Консервативтік партия ескі дәстүрлерді, заңнамаларды сақтауға шақыратын ұйым.

Мысалы Ұлыбританияда 2019 жылы консерваторлар партиясы сайлауда жеңіске жетті. Осы елдегі консервативтік партия тори деп аталады:

Консерватизм деген не? Консервативтік партия

Бұндай партиялар ескі, ескірмейтін құндылықтарды ұмытпауды үгіттейді. Баяғыда біздің еңбегіміз таудай болған деген шалдар сияқты консерваторлар көбінесе ескіні дәріптейді. Консерваторлық партия өкілдері дәстүрлердің сақталуын, қоғамдық институттардың өзгертпей қалуын, ар мен намыстын тапталмауын көздейді.

Сыртқы саясатта консерваторлар өзгемен соғыспауын қолдайды, күшті керек кезінде ғана пайдалану керек деп пайымдайды. Ескі одақтастарды ұмытпауды да көздейді.

Осы заманғы демократиялық елдердегі саяси партиялардың ішінде консерваторлар, либералдар (жаңашылдар) және социалистер (елді қолдауға көп қаржы бөлуді көздейтіндер) басым.

Пән: Саясат