×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Нарықтық экономика қазақты байытады. Нарық деген не?

Создание сайта в Алматы

Нарық деген не? Нарық дегеніміз тауарды сатушы мен сатып алушының басын қосатын орын, жүйе. Мәселен базар нарық мысалы бола алады. Базарда көптеген сатушылар және сатып алушылар бар.

Нарық деген не?

Нарықтық экономика дегеніміз компаниялар жұмысына мемлекет көп араласпайтын жүйе. Ел ішінде көп компаниялар бар болады және олар бір-бірімен әділ жолмен бәсекелеседі. Ешбір министрлік, ешбір әкімат олардың жұмысына кедергі жасамайды. Өзінің компаниясын қолдап, өзгені кемсітпейді.

Қайсыбір компанияның тауары сапалы әрі арзан болса, сол бәйгеде ұтқан тұлпар сияқты нарықта басым болады. Сапасыз және қымбат тауарларды шығаратын компаниялар көштен қалып, бәсекелестікке төтеп бере алмай, шығынға батып жабылады.

Нарықтық экономикасы бар елдер тез дамып бай болып жатыр. Демократия, саяси партиялар, оппозициясы бар елдер ғана нарықтық экономикаға ие бола алады. Демократиясы дамымаған елдер өкіметі парақорлыққа белшеден батып, елді кедей қылып, қақайып тұрады. Атам қазақ айтқандай:

Өзін өзі білген ер бақытты,
Өзін өзі басқарған ел бақытты.

Дамыған елдердің барлығында нарықтық қатынастар орнаған. Заң жүзінде бәсекелестік қорғалады. Ешбір компанияға бәлендей ерекше жағдай жасалмайды. Бәсекелестіктін артуының игілігін ел көреді. Бәсекелестік бар ортада тауарлар мен қызметтердің сапасы жоғарлап, бағасы арзандайды.

Нарықтық экономиканың белгілері

Нарықтық экономиканың өзіне тән белілері бар болады. Осыларды мына жерде жазып береміз. Бұндай белгілері жоқ нарық баяу дамиды.

Бәсекелестік

Нарықтық экономикада бәсекелестік шек қойылмайды. Мынау біздікі, анау шетелдікі деп бөлмейді. Бәрі тең құқылы болады. Сатып алушылар керектісін таңдайды. Қолайлысын сатып алады.

Иелену құқығының әрқилығы

Нарықтық экономикада әрбір адам не компания үй, пәтер, көлік, азық-түлік, жер, ... дегенді иемдене алады. Жалпы заттарға ие бола алады. Адамдар мен компаниялар неше түрлі заттарды сатып алуға да, сатуға да құқылы бола алады.

Кәсіпкерліктің шектелмеуі

Кәсіпкерлікті мемлекет не ірі бизнес шектемейді. Әрбір адам компания ашуға құқылы. Оған қоса компания ашу үшін кедеріглер қойылмайды.

Бағаның реттелмеуі

Дамыған елдерде баға мемлекет тарапынан реттелмейді. Баға бәсекелестік нәтижесінде қалыптасады. Компаниялар бір-бірімен бәсекелесіп тауардың бағасын арзандатуға ниетті болады.

Мемлекеттін араласпауы

Мемлекеттін міндетіне - елді дамыту үшін парақорлықты азайту, білім мен ғылымды дамыту, мүгедектер мен зейнеткерлерге көмек беру, елді қорғайтын әскерді құру сияқты іс шаралар жатады.

Бизнеспен араласу мемлекеттін ісі емес. Бұл үшін жекеменшік компаниялар бар. Солар елге керекті тауарлар мен қызметтерді өндіреді. Нарықтық қатынастар орнаған мемлекеттердің барлығында өкімет бизнеске араласпайды.

Қазақстанда нарықтық экномика жоқ

Бұл заман монополиялар мен әділетсіз экономикалық қатынастар заманы. Қазақстанда бизнестін дамуына кедергі боп тұрған неше түрлі заңдар, неше түрлі парақор топтар бар.

Мысалы банк саласын алайық. Депозит пайызы бар жоғы 10 тең (бұны инфляция жеп қояды), ал кредиттін пайызы 56 дейін жете алады. Арасы 560%!

Бұндай әділетсіз пайыздар банк саласындағы бәсекелестіктін нашар болуына байланысты. Неше жылдар бойы бірнеше банк қана Қазақстан аумағында жұмыс істейді. Қалғандарына жол жоқ. Себебі Қазақстанда шетелдік банктерге жол берілмейді.

Шетелдің не бір дамыған, не бір алпауыт банктері Қазақстанға келіп арзан несие беруге әзір. Өкіметтін өзі шетелден бар жоғы 2-3 пайыздық несие алып жатыр емес пе? Өкіметке рұқсат бар, ал халыққа рұқсат жоқ!

Ипотека пайызы да тым жоғары. Халықтын қалтасы көтере бермейтіндей етіп қойды. Бастапқы жарнасы да тым жоғары. Және пәтерлер бағасы да тым қымбат.

Қазақстанда неше түрлі шектеулер бар. Осылардын салдарынан шетелдік компаниялар Қазақстан аумағында жұмыс істей алмайды. Бәсекелестік жоқ ортада даму да жоқ.

Субсидия мен жеңілдетілген кредит бәріне бірдей берілмейді. Ұлық кейін не себептен ел көтерілді? Не себептен кешегі Ұлт-азаттық көтеріліс пайда болды дейді?

Пән: Экономика