×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Терроризм деген не? Халық террорист емес! Өкімет террорист

Создание сайта в Алматы

Терроризм дегеніміз елді қорқытып, үркітіп, зорлықпен саяси, экономикалық, идеологиялық, діни мақсатқа жету. Мысалы бір президент елдегі оппозицияның белді мүшелерін мерт қылып, өзгелерін түрмеге қамаймын, өлтіремін деп қорқытса бұл терроризм.

Террористерді ел ішінен ғана емес, сонымен қатар ұлық арасынан да іздеу керек. Елдің бәрі террорист бола алмайды. Халық террорист емес! Елге не керек? Ертеңгі күнге деген сенім және қомақты жалақысы бар жұмыстын болуы ғана. Жұртқа ай мен жұлдыздардағы дүние керек емес.

Терроризм деген не?

1881 жылдың 1 наурыз күні бүткіл Ресейдің императоры, 30 жыл елді басқарған патшасы, ел басы, князі Екінші Александр каретамен Санкт-Петербургты аралап жатқан. Оның айналасы лық толған неше түрлі шенеуніктер. Бәрі ел басын қошаметтеп, мадақтап жатқан, сізден дана, сізден білімді адам жоқ деп.

Кенеттен, тұтқиылдан оған бірнеше адам жақындап лезде бомба лақтырды. Жаңа ғана барша жұрттан басым, барша жұрттан үстем болған патша аңшының оғынан өлген қоян сияқты мерт болды. Орыс тарихындағы бұл бірінші мемлекеттік деңгейдегі ірі терроризм деп саналады. Патшаны өлтіргендер террористтер, экстремистер деп аталды.

Осы Екінші Александр кім еді?

Ресей тарихшылары ақ патшаны сонау көне заманнан бастап бұ күнге дейін маңайына шаң жұққызбай отыр. Ал осы Александр кім еді? Не себептен оған шабуыл ұйымдастырылды?

Сонау, көне заманда орын тепкен Ресей империясында барша игілік биліктегі ақсүйектерге тиесілі еді. Барша мұнай, газ, көмір, алтын, күміс, мыс, темір және басқа пайдалы шикізат ақсүйектерге тиесілі болған, қызығын солар көрген. Мемлекеттегі барша қаржы да соларға тиесілі еді. Барлық банктер, ломбардтар, казинолар және басқалары.

Қараша жұрт ше? Қараша жұрт құл еді. Оның не жері, не байлығы жоқ еді. Тіпті бостандыққа ие болмаған. Былайша айтқанда ауқат үшін ғана жұмыс істеген.

Терроризм деген не? Елді қанау терроризмге жатады

1861 жылы Александр шаруаларға бостандық берді. Бірақ жер баяғыдай ақсүйектер қолында қалды. Шаруалардың жер жыртып егін егу үшін егістік, малды жаюу үшін жайылым ақсүйектердің қолында қалды. Демек кешегідей көбі ауылда қалды.

Қалаға кеткендері шағын, лас лашықтарды жалдап тұрды. Күніне 10-15 сағат зауыттарда жұмыс істеп, айлығы шайлығынан аспайтын аз жалақы алды. Зауыт иелері болса Лондон мен Парижден үй алып, Монте-Карлода миллион алтын сомды казинода жоқ қылып отырған. Ресейде жұмысшыларға тиын төлеп жүрген сараң байлар, Еуропада өзінше жомарт боп ақшаны жалаңаш әйелдерге шашыратып жүрді.

Қаналған жұрт ашуланып, ел арасында ақ патшаға деген наразылық арта бастады. Ақ патша тіпті Достаевский, Белинский сияқты жазушыларды Сібірге жазалап отырды. Оған кім қарсы шықса соның көзін құртқан. Атып, тұншықтырып, қинап өлтірген.

Демек Ресейдегі терроризм ақ патшаның саясатынан туындаған. Терроризмге ақсүйектер кінәлі еді. Халық емес. Халық террорист емес! Патша демократияның орнауына жол бермей, елдің қанын судай ағызса да бұл терроризм.

Саяси партиялардың пайда болуына жол бермей, ойына келгенің істеген патшаны біреу өлтірсе бұл терроризм емес, бұл ерлік.

Экстремизм дегеніміз не?

Экстремизм дегеніміз жалпы жұрт қабыл етпеген жолды қабылдау, елдің тұрмысын, салтын түбегейлі өзгерту.

Пән: Саясат