×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Оппозиция деген не? Мемлекеттік төңкеріс деген не?

Создание сайта в Алматы

Оппозиция дегеніміз билікке қарсы тұратын саяси күш. Мысалы қазір АҚШ-та Демократиялық партияның өкілі Джо Байден президент боп тұр. Демек Республикалық партия оппозицияда. Ертең Республикалық партияның өкілі сайлауда президент боп қалса, Демократиялық партия оппозиция боп қалады.

Мемлекеттік төңкеріс

Мемлекеттік төңкеріс деген не? Егер биліктегі топтар елдің қамын ойламай ақшаны жымқырып отырса халық көтеріліп революция жасайды. Мемлекетте монархия не диктатура орнаса, ел революция жасап республика құрады. Мысалы кешегі Қырғызстандағы революциясындай:

Оппозиция деген не?

Ел көтеріліс жасап қанышер өкіметті құлатпаса халық өзге елдерге көшеді. Мысалы Латын Америка елдеріндегідей. Демек миграция басталады, бас ауғалап халық жан-жаққа қашады.

Қазіргі таңда барлық демократиялық елдерде оппозиция бар. Бар ғана болмай, кейбірі парламентте орын тепкен. Сайлауда бәленбай пайыз дауыс жинап. Қазақстандағы жағдай бұндай емес.

Қазақстандағы оппозиция

Қазақстандағы оппозиция парламентте бар. Бұл Ақ жол партиясының өкілдері. Парламентте, әкіматтарда, өкіметте өнкей биліктегі партияның өкілдері. Елде мықты оппозиция болмай демократия орнамайды.

Мысалы Қытай, Солтүстік Корея сияқты елдерде бір ғана партия үстем боп тұр. Оппозиционерлер өкімет пен парламентте жоқ. Бұлар не түрмеде не атылған.

Пән: Саясат