×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Монархия деген не? Конституциялық және абсолюттік монархия

Создание сайта в Алматы

Монархия деген не? Монархия әкеден балаға, не бір әулет ішінде тақты мұра етіп қардырылуы. Баяғы заманда талай монархиялар бар еді. Мысалы көне түріктерде мемлекет басшысы қаған еді. Қаған болуға ашина әулетінен шыққан ақсүйектер ғана құқылы еді. Одан кейінгі заманда, Алтын Орда мен Қазақ хандығында хан болуға Шыңғыс ханның ұрпағы ғана лайықты деп танылған.

Бұр ретте айта кететін жайт, қазақ пен көк түріктерде тақ әкеден балаға емес, ағадан бауырға өткен. Еуропада мемлекет басшы патша болған. Патша тағы әкеден балаға тараған. Соңдықтан кейде келенсіз жағдайлар туындаған. Мысалы патша деп екі не үш жасар баланы тағайындаған. Қазақтарда бұлай болмаған.

Монархия орнаған елдің басшысын монарх дейді. Қаған, патша, халиф, император және басқалары монархтар болған.

Абсолюттік монархия

Абсолюттік монархия дегеніміз елді түгелдей бір адам билеп отыруы. Мысалы орта ғасырларда Еуропада талай патшалар ойына келгенің істеген, себебі бұлардың билігі шектелмеген. Мысалы Ұлыбританияның патшасы сегізінші Георг бір әйелге ғашық болса, оған үйлену үшін өзінің ескі әйелінің басын алған, біраз уақыттан кейін басқасына ғашық болып қалса жанағының басын да алып отырған.

Абсолютизм деген осы. Бір елді түгелдей бір адам басқарып тұруы абсолютизм делінеді. Қазақтарда бұлай болмаған. Қазақта қандай дана, қандай батыр хан болмасын, батырлар мен билермен кеңеспей ел үшін маңызды мәселелерді шешпеген.

Жабайы әрі дамымаған елдерді есептемесек, абсолюттік монархия қазіргі таңда жоқ. Себебі мемлекетті басқару бір адамның қолынан келмейді. Көппен пішкен тоң келте болмайды дегендей монархиялар демократиялық мемлекеттерге яғни республикаларға орын берген.

Конституциялық монархия

Конституциялық монархия дегеніміз монархтын билігін шектейтін заңдары бар мемлекет. Мысалы қазіргі таңдағы Ұлыбритания осындай монархияға жатады. Бұл елдегі патша парламентке бағынады. Оның әрбір қадамын қадағалап отыратын адамдар көп.

Конституциялық монархия

Конституциялық монарх ойына келгенің істей алмайды. Оған жүктелген талай міндеттер бар. Мысалы шетелдік басшыларды қабылдау. Мерекелерде сөз сөйлеу. Жаңа Жылда құттықтау сияқтыларын оның мойнында.

Пән: География