×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Миграция деген не? Иммиграция деген не? Эмиграция деген не?

Создание сайта в Алматы

Миграция деген не? Миграция - бір жерден екінші жерге көшу. Мысалы құстар күзде жылы жаққа ұшып кетеді, кейін көктемде қайтып келеді. Демек орын ауыстырды.

Географиядағы миграция бұл халықтың көшуі. Мысалы Қазақстанда ауыл халқы қалаға көшіп жатыр. Себебі ауылда жұмыс жоқ. Бұл да миграция. Жалпы миграция ішкі және сыртқы боп бөлінеді.

Ішкі миграция

Мемлекет аумағында орын ауыстыру ішкі миграция деп аталады. Мысалы отбасы ауылдан қалаға қоңыс тепсе бұл ішкі миграцияға жатады. Себебі сыртқы елге кетпеді. Мемлекет аумағында қалды.

Сыртқы миграция

Мемлекет аумағынан халық өзге елге көшсе бұл сыртқы миграция деп аталады. Соңғы жылдары дамушы, кедей елдерден бай елдерге бет алған адамдар легі көбейді.

Иммиграция деген не?

Иммиграция деген не? Адамның өзге елге көшуі иммиграция деп аталады. Соңғы жылдары бір қолында баласын, бір қолында дорбасын арқалап жатқан адамдар легі көбейді:

Иммиграция деген не?

Кейбір елдер босқындарды қабылдайды, мысалы Германия сияқты, ал кейбірі ары кет беп аластатып жатыр. Осы ретте Германияның бұрынғы канцлері Ангела Маркелінің босқындарды қабылдау және қолдау жайындағы әрекеттерін мақтауға болады. Иммиграция дегеніміз осы.

Жалпы мемлекет басшы болсан, Ангела Меркелдей бол. Өз елін және өзге елді қолдаған, мемлекетті көркейткен, адамгершілігі мол адам бол!

Эмиграция деген не?

Эмиграция деген не? Эмиграция елден кету. Мысалы тоқсаныншы жылдары Қазақстаннан немістер, орыстар, поляктар өздерінің тарихи отанына көшті. Бұл эмиграция. Қазір де көп қазақстандық шет елдерге көшіп жатыр.

Зияткерлік миграция деген не?

Әрбір елде ғалымдар мен білікті мамандар бар. Мысалы сан түрлі инженерлер, профессорлар, академиктер, ақындар және басқалары. Бұлар дамымаған елдерде бағаланбайды, ал дамыған әрі экономикасы бай елдерде жоғары сұранысқа ие. Соңдықтан оларды шет елдер шақырады, қомақты жалақымен не керемет үймен қызықтырып.

Нәтижесінде елден небір білімді мамандар аластайды. Бұны зияткерлік миграция дейді. Яғни ақылдылардың шет елге кетуі.

Қазақстандықтардың эмиграциясы

Қазақстанда соңғы жылдары сыртқы миграция өсіп бара жатыр. Себебі жұмыс жоқ, жалақы аз, пәтер қымбат, тіпті алақандай жер телімдері де қымбат.

Өкімет пен президент болса асығып жатқан жоқ. Ел қамын ойлап жатқан жоқ. Елге пайдалы реформаларды жүзеге асырғысы келмейді. Баршаға қол жетімді баспана, жалақысы жоғары жұмыс дегенді ұсынбай жатыр. Мемлекеттік ұйымдардың барлығында жемқорлық, надандық жайлап отыр.

Елде инфляция өсіп жатса да жалақы көбеймей жатыр. Депозиттің пайызы төмен, ал кредиттің пайызы удай. Соңдықтан ел ішінде мемлекет басшыларына және өкіметке деген наразылық артып жатыр. Бұның салдары қандай болатыны бәріне аян.

Пән: География