×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сайлау деген не? Дауыс беру

Создание сайта в Алматы

Демократиялық мемлекеттерде әкімдерді, депутаттарды, президентті ел боп үміткерлер арасынан сайлайды. Бұл үшін арнайы сайлау ұйымдастырады. Ұлық болуға ниетті үміткер тиісті мекемеге арыз жазады. Одан кейін оның құжаттары тексеріледі. Егер мемлекеттегі заңдарға қайшы келмесе үміткерді тіркейді.

Сайлау деген не?

Насихат жұмысы

Бұдан кейін әрбір үміткер өзінің насихат жұмысын бастайды. Сайлауда жеңсем барлығын байытам, жұмыссыздықты азайтам, елді бай қылам, мемлекетті көркейтем деген сияқты уәде береді. Мақсаты сайлауда жену болғандықтан, уәдені ойламай береді.

Сайлау күні

Сайлау күні кәмелетке толған азаматтар арнайы орындарға барып сайлау бюлетені деп аталатын қағазға өзіне ұнаған үміткердің атын түріп қояды.

Сайлау қорытындысы

Елдегі барлық бюлетендер жиналып сайлау коммисиясы оларды санайды. Қандай үміткер ең көп дауыс алса, сол сайлауда жеңіске жетеді.

Кейде сайлауға келген адамдардың үлесі бүткіл ел ішіндегі халықтан едәуір аз болады. Бұндайда сайлау қайта өткізіледі. Оған қоса кейбір елдерде егер сайлауда ешбір үміткер бәленбай пайыз жинай алмаса да сайлау қайта өткізіледі.

Сайлау дегеніміз осы. Сайлау мақсаты елге танымал, белгілі, білікті мамандарды іріктеу. Елге лайықты адамдарға жол беру.

Пән: География