×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

2022 жылғы Ұлт-Азаттық көтеріліс. Ұлы жеңіс

Создание сайта в Алматы

Ұлт-азаттық көтеріліс деген не? Ұлт-азаттық көтеріліс бүткіл ел, мемлекет аумағын қамтыған үлкен, ірі, тарихи маңызы бар көтеріліс.

Көне заманда Исатай, Махамбет, Аманкелді Иман-ұлы, Тоқаш Бокин сияқты ұлы көсемдер ел бастап тиранияға қарсы, әділетсіздікке қарсы, егемендік алу үшін соғысқан. Ұлт-азаттық көтерілісті бастап жүрген. Қасық қаны қалғанша күрескен. Әрқайсысы әрі абыройлы, әрі дана көсем бола алған. Ел жадында қалған ғазиз жандар.

2019, 2020, 2021 жылдары елімізде талай толқулар болды. Бәрінің айтқаны бір, жалақы өсу, азық-түлік пен пәтер арзандау керек делінген. Бірақ бұған ешкім құлақ аспады. Өкімет тиісті реформаларды қабылдамады. Тоқ бала, аш балаға дос болмайды дегендей кешегідей бола береді деп ойлаған.

Көтерілістің басталуы

2022 жылдың қантар айының басында бүткіл ел ішінде көтеріліс бұрқ ете салды. Алғашында Жаңаөзен мен Ақтауда ел көшеге шықты. Газ қайтадан 120 тенгеден 50 тенгеге түссін деп. Одан кейін Қазақстанның бар ірі қалаларына, облыс орталықтарына тарады. Енді тек қана газбен шектелмей, оған қоса үкімет те отставкаға кетсін деген талап қойылды. Шал кет деп те айтқан, қай шал осы?

Кешегідей көтеріліс бір қалада, не бір облыста емес, бүткіл Республикамызды қамтыды. Неше әкімат қоршалды, кейбірі алынды. Демек, 1916 жылдағыдай, бүткіл ел аумағын қамтыған Ұлт-азаттық көтеріліс басталды.

Алматыдағы көтеріліс

Алматы қаласы еліміздің ең ірі мегаполисі. Бұнда неше миллион адам тұрады. Неше түрлі ауылдардан, неше түрлі облыстардан жұмыс іздеп, оқимын деп келген қараша халық. Осыларға қорған бола алатын адам табылмады. Елге, кешегі Заманбек Нұрқаділ-ұлы сияқты тегін жер не пәтер беретін әкімді мен бұ заманда көрмедім.

Алматыда көтеріліс, біраз кедейлеу, шет аудандардан басталды. Қаланың кіре берісіндегі аудандарда басталып, көтеріліс орталыққа, төрге бет алды.

Полиция мен әскер бұған бөгет бола алмады. Олардың тас-талқаны шықты. Мындаған адам ашуланып келе жатса, бұған қай полиция бөгет бола алады? Халық, әкіматты алғанмен, полиция күштерін тас-талқаның шығарғанмен, ел арасында көтерілісті бастайтындай оппозиция болмады. Сөйтіп Қырғызстан не Украинадағыдай билік ауыспады. Ел үйлеріне тарап кетті.

Осы оқиғалар кезінде ел арасында болып, талай дүниені өз көзімен көріп, кейін, түйгенімді, ойымдағыны, елге керек бола алатын экономикалық реформаларды шағын реферат етіп жаздым. Бұны жүктеп алыңыз да, оқыңыз.

Көтерілістің нәтижесі

Газды арзандатты, қайтадан 50 тенге болды. Оған қоса үкімет те отставкаға кетті. Демек, ел жеңіске жетті. Билік елдің айтқанына көнді. Көнбеске амалы жоқ еді. Ақтаудағы, қырымның қырық батырларындай айбатты көсемдері айтқандай - қазақ елі ұлы жеңіске жетті!

Осы күнге дейінгі (17.01.2022) жағдай осындай.

Ескерту

К. Мәсімов бастаған террористердің әрекетің халықтың көтерілісімен шатастырмаңыз. Оқ-дәрі қоймаларын өртеген не тоңаған ел емес, көліктерді өртеп, полиция мен әскерилерді өлтірген, кешегі КНБ бастығы болған К. Мәсімовтың террористері. Бұл қоймалардың орналасқан жері мемлекеттік құпия, оны ел жұрт білмеген.

Пән: Тарих