×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Кредит деген не? Несие алу. Кредит алма қазағым!

Купить косметику в Алматы

Кредит деген не? Кредит дегеніміз ақшаны жалға пайызбен алу. Бір жылға жылына 20% үстемесімен 100 000 тенгені алсаңыз келесі жылы 100 000 + 20*100 000/100 = 120 000 тенге қайтарасыз.

Осы 120 000 тенгенгі бір жылға ай сайын 120 000/12 = 10 000 тенге болып төлеуге болады. Негізінен кредитті ай сайын төлеткізеді, алушыға жеңіл болсын деп. Ай сайынғы жалақысынан бөліп төлесін деп.

Кредит алма қазағым!

Қысылмасан кредит алма қазағым! Себебі Қазақстанда пайыз мөлшері тым жоғары. Кей жерлерде 50% жетеді. Бұл дегеніміз 1 миллионды бір жылға алсаныз келесі жылы 1,5 миллион қайтарасыз. 500 000 тенгені артық төлейсіз.

Шетелге қарамандар, ол жерде пайыздың мөлшері бар жоғы 2-3% деңгейінде. Бізде болса 40%-да 50%-де болуы ғажап емес. Қазақ анқау ғой! Пайызды ажырата білмейді. Кейін талай жылдар төлеп қиналады, өзгеге жем болма қазағым!

Шетелде 1 миллион тенгені 3% кредитке алса, келесі жылы 1,03 миллион тенге қайтарады. Бар жоғы 30 000 тенгені артық төлейді. Бізде болса 500 000 тенгені артық төлейсіз. Яғни 500 000/30 000 = 16,6 есе артық төлейсін қазағым!

Соңдықтан ғой көп адам кедейленіп кетеді. Көп кредит мойнына алады да көп жыл бойы банктерге өліп-талып еңбек қылады. Банктерді байытады да өзі кедейленеді. Есесіне ертен жұмыстан арылса жағдай тіпті қиындап кетеді.

Несие алу

Несие алу оңай, қайтару қиын. Несие бәріне бірдей беріле бермейді. Несие алушы адамның кепілдікке қоятын заты болуы керек. Не жалақысы жоғары болуы керек. Әркімге қол жетімді несие жоқ. Несие беретің ұйым ақшаны бәріне сеніп бере алмайды. Себебі несиені қайтармайтындар да бар, кредитті уақытында төлемейтіндер де бар.

Соңдықтан кепілдікке қоятын үйініз, пәтеріңіз, көлігініз бар болса несие тез беріледі. Оған қоса жалақы мөлшері де жоғары болуы шарт. Әйтпесе аз көлемде ғана кредит ала аласыз.

Онлайн несие

Сайт не мобильді қосымша арқылы онлайн несие алуға болады. Несие картанызға келеді. Сіз несие алғанда пайыз мөлшеріне қараңыз. Несие алу оңай, қайтару қиын.

Кредит пайызы

Кредит пайызы елдегі инфляция мөлшеріне байланысты болады. Неғұрлым инфляция жоғары болса соғұрлым несие пайызы жоғары болады. Оған қосы несиенің шекті пайызын Ұлттық Банк тағайындайды. Бұдан жоғары пайызды қою заңсыз боп есептелінеді.

Оған қоса пайызбен бірге сан түрлі жарнамада айтылмаған коммисиялар да бар болады. Мысалы несие берген адамның сыйақысы дегені бар. Сіз баннке төлейсіз және бөлек несиені рәсімдеген адамға да бөлек кредиттің бәленбай пайызын бересіз. Банк менеджері банкте жұмыс істейді емес пе? Бұнысы қызық! Несиені алуда бұған назар аударыңыз.

Пән: Экономика