×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Коррупция деген не? Жемқорлық түбі қорлық

Купить косметику в Алматы

Коррупция деген не? Ата-ана мұғалімге балама жақсы баға қойыныз сізге сыйлық берем дегені коррупция, мұғалімді жұмысқа алу үшін ақша талап ету де коррупция, жаман төселген асфальтты жақсы деп қабылдау да коррупция. Коррупция не қазақша парақорлық бұл әкімнің, депутаттың, министрдің, тағы сол сияқтылардың пара алуы.

Жаман, нашар салынған аурухананы, мектепті, жолды, ғимаратты қабылдау үшін пара береді. Мемлекет шығынға батады. Себебі ақша нашар аурухананы салу үшін емес, жақсысын салу үшін бөлінеді. Кейін нашар салынған аурухананы қайта жөндеу керек болады. Бұған да көп мөлшерде ақша бөлінеді.

Парақор - ай шелек!

Бір балаға орта есеппен айына 20 мын тенгедей жәрдемақы төленеді (бірінші бала үшін 16802 тенге, екінші бала үшін 19865 тенге, үшінші бала үшін 22 898 тенге). Бір миллион бұл елу баланың жәрдемақысы. Бір миллиард бұл 50 000 баланың жәрдемақысы. Қазынадан бір миллиард тенге жымқырылса бұл 50 000 сәбидің жәрдемақысы.

Бұндайды жиі естиміз. Соңдықтан парақорларды Бейімбет айтқандай, ай шелек дей аламыз, нағыз ай шелектер! Елдің тиын тенгесін жымқырғандардың барлығы ай шелектер.

Парақорлық түбі қорлық

Парақорлық түбі қорлық болады. Себебі бұл харам ақша, таза халал емес. Мандай терін төгіп тапқан ақша емес.

Коррупция деген не?

Парақор ұсталмаса да, түрмеге қамалмаса да жымқырған ақшаның пайдасы шамалы болады. Елдің қарғысы ұрпағына тарайды. Баласы нашақор, алқаш, надан болып қалған талай арам бастық бар.

Коррупционер деген кім?

Коррупционер деген кім? Коррупционер бұл пара алатын адам. Коррупционер бұл мемлекеттің ақшасын жымқыратын адам.

Жемқорлық деген не?

Жемқорлық қазына қаржысын ұрлау, жемқыру. Сыбайлас жемқорлық бірнеше адамның келісіп қазынадан ақша ұрлауы.

Қазақстандағы коррупция

Казақстандағы коррупция деңгейін Transparency International деген халықаралық ұйым есептейді. Бұл бүткіл әлемдегі елдердің коррупция деңгейін талдайтын коммерциялық емес ұйым. Осы ұйымның мәліметтеріне сай Қазақстан 2020 жылы 94 орында болды:

Қазақстандағы коррупция

Әлем елдері арасынан 94 орында болу жаман нәтиже. Бұл елде коррупция кең құлаш жайып отыр дегені.

Коррупциямен күрес

Коррупциямен күресу үшін сан түрлі әдіс, тәсіл бар. Ең тиімдісі бұл биліктегі азаматтардың жиі ауыстырылуы.

Мысалы АҚШ-тағыдай. АҚШ-та біресе сайлауда Демократтық партияның үміткері жеңеді, біресе Республикандық партияның үміткері жеңеді. Сөйтіп биліктегі адамдар 4 жылда бір рет, не 8 жылда бір рет ауысады. Екі партия бірін бірі андып тұрғандықтан коррупцияға жол берілмейді. Ақша орынсыз не заңсыз жолммен жұмсалса бірден қарсыластары бұл жайында хабарлайды.

Еуропаның дамыған елдерінің барлығында сайлауда біресе бір партия, біресе оның бәсекелесі жеңеді. Сөйтіп мемлекет жемқорлықтан тазарып отырады.

Жемқорлықпен күресудің тағы бір жолы бұл онлайн жүйелерді жасау, дамыту. Қылмыскер компьютерге пара бере алмайды. Осының арқасында Қазақстандағы коррупция едәуір азайды. Бұрын аңықтама, төлқұжат алу үшін сан түрлі жерге бару керек болды. Сол жерлердің біразында ақша дәметкендер отырған, берсен тезірек жасаймыз дегендей.

Қазір ХҚКО арқасында осы саладағы жемқорлық азайды. Тіпті түбегейлі жойылды десек те болады. Қалған құжатты не онлайн не ХҚКО арқылы ала аласыз.

Жемқорлықпен күресудің ескі жолы - жазаны күшейту. Қытайда аса көп мөлшерде қаржы жымқырғандарды атып тастайды. Отбасын масқаралайды. Араб елдерінде парақорларды таспен атады. Ал АҚШ-та жемқорларды атпаса да түрмеде сүйегін шірітеді, бұндай адам бостандыққа шықпай өмір бақи түрмеде қалады.

Пән: Саясат