×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сапалық реакция дегеніміз не?

Купить косметику в Алматы

Сапалық реакция дегеніміз не? Реакция нәтижесінде ортада белгілі бір заттардың бар болуы дәлелденсе, бұны сапалық реакция дейді.

Крахмалға сапалық реакция

Крахмалға сапалық реакция йодпен жүре алады:

I2 + (C6H10O5)n => I2*(C6H10O5)n

Нәтижесінде реакцияласатын заттар көк түске боянады, бұны мына видеодан көре аласыз:

Сапалық реакция белгілері

Сапалық реакцияларды - тұнбаның түзілуі, заттардың ерітілуі, түстің өзгеруі, газдардың пайда болуы, иістің пайда болуы және жалын түсінің өзгеруі арқылы байқауға болады.

Сутекті сапалық реакция

Сутекті сапалық реакция бұл осы газдың бар болуын дәлелдейтің реакция. Мысалы суды оттегі мен сутегіге ыдыратайық:

2H2O = 2H2 + O2

Сутегіні арнайы колбаға жинайық. Сутегінің түзілгендігін қалай біле аламыз? Бұны сутегі жиналған қолбаға жаңған сірінкені әкеліп біле аламыз, егер сутегі бар болса жалын гүрс ете қалады:

Сутекті сапалық реакция

Және сутегінің жануын белгілейтің сары түс пайда болады.

Этил спиртінің сапалық реакциясы

Этил спиртінің сапалық реакциясы:

С2Н5ОН + 6 NaОН + 4 I2 = CHI3 +HCOONa  + 5 NaI +  H2O

Осы реакция нәтижесінде сары тұнба түзіледі. Йодоформа деген сары зат. Бұл сары зат этил спиртінің төмен концентрацияларында да пайда болады, яғни этил спиртінің түзілуін біле аламыз.

Сірке альдегидінің сапалық реакциясы

Сірке альдегидінің сапалық реакциясы:

CH3CHO+Ag2O = CH3COOH +2Ag

Бұл күміс айна реакциясы деп аталады. Яғни реакция нәтижесінде колбада күміс түзіледі. Осы реакцияның көмегімен әйнектер жасалады. Яғни шыныны жұқа күміс қабатымен көмкереді.

Пән: Химия