×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Эллипс дегеніміз не? Эллипстің канондық теңдеуі

Эллипс дегеніміз не? Эллипс бұл мынандай пішін:

Эллипс дегеніміз не?

Мысалы жұмыртқа мен қауынның екі өлшемді кескіні осы эллипске ұқсас болады. Табиғатта эллипстер көп кездеседі, мысалы ғарыштағы галактикалардың біразы осы эллипс тәріздес болады. Бұл фигураны "мыжылған" шеңбер десек те болады.

Бұл фигураның нақты геометриялық аңықтамасы - эллипс бұл екі нүктеге дейінгі арақашықтығы тұрақты болатын нүктелерден құралған фигура:

Эллипстің аңықтамасы

Суретте екі қара нүкте көрсетілген, бірінші қара нүктеден қызыл нүктеге дейінгі арақашықтықты F ал екінші қара нүктеден қызыл нүктеге дейінгі арақашықтықты G деп белгілейміз. Сонда эллипс бұл F+G қосындысы тұрақты болатын нүктелерден құралған фигура.

Эллипстің канондық теңдеуі

Эллипстің канондық теңдеуі мынандай болады:

x2/a2 + y2/b2 = 1

Мұндағы a мен b жоғарыдағы суретте көрсетілген.

Ескерту

Егер a = b тең болса эллипс шеңберге айналады. Бұған эллипстің канондық теңдеуін пайдаланып көз жеткізініз.

Достармен бөлісу:

Пән: Жоғары математика

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою