×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Дискретті кездейсоқ шама дегеніміз не?

Дискретті кездейсоқ шама дегеніміз не? Сынақ, тәжирибе кезінде шама кез келген, алдын ала белгісіз мәнді қабылдаса бұл шама кездейсоқ деп аталады.

Егер кездейсоқ шама шекті мәнді ғана қабылдай алса бұл шама дискретті кездейсоқ шама делінеді. Мысалы ойын сүйегінің түсу ұпайы 1-ден 6-ға дейін ғана болады:

Ойын сүйегі

Сынақ жасап сүйекті лақтырсақ бұның ұпайы тек 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарына тең ғана бола алады. Дискретті кездейсоқ шама дегеніміз осы!

Дискретті кездейсоқ шаманы аңықтау

Дискретті кездейсоқ шама X мынандай кесте арқылы беріле алады:

X x1 x2 ... xn
p p1 p2 ... pn

Бұны былай түсінеміз X шамасының x1 мән қабылдай алу ықтималдығы p1, x2 мән қабылдай алу ықтималдығы p2, ... , xn мән қабылдай алу ықтималдылығы pn

Және барлық ықтималдықтардың қосындысы 1 тең болуы керек:

p1 + p2 + ... + pn = 1

Мысалы ойын сүйегінің кестесі мынандай болады:

X 1 2 3 4 5 6
p 1/6 1/6 1/6 1/6 1/6 1/6

Бұның ықтималдықтарының қосындысы неге тең?

Достармен бөлісу:

Пән: Ықтималдық теориясы

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою