×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Кездейсоқ дегеніміз не? Ықтималдық деген не?

Кездейсоқ дегеніміз не? Жақтары 1-ден 6-ға дейін нөмерленген ойын сүйегін алайық:

Ойын сүйегі

Бұны лақтырсаныз, біресе 2, біресе 5, біресе 3 түседі. Неше рет лақтырсаныз нәтижені алдын ала болжай алмайсыз. Дәл 5 не дәл 3 болады деп дәлелдей алмаймыз. Кездейсоқ дегеніміз осы!

Немесе ертен күн ашық бола ма? Әлде бұлтты бола ма? Бұны да дәл біле алмайсыз. Ауа райы бағдарламасында ертен +15 градус жылы болады деп айтуы мүмкін, бірақ ертен +25 не +5 те болуы мүмкін. Себебі бұл болжам ғана. Ауа райын болжау қиын. Ертенгі ауа райы болжамға сәйкес болмауы да мүмкін. Бұл да кездейсоқ.

Кездейсоқ оқиға

Бірдей жағдайлар талай рет қайталанып орындалғанда (бұны сынақ дейді) оқиғаның орындалуы да, орындалу да мүмкін болса, бұндай оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.

Мысалы ойын сүйегінің 5 ұпай боп түсуін А оқиғасы десек, бұл оқиға сүйекті лақтырғанда орындалуы, да орындалмауы да мүмкін. Ойын сүйегі 1-де, 6-да боп түсуі мүмкін ғой!

Ықтималдық деген не?

Ықтималдық деген не? Бұл кездейсоқ оқиғаларды сипаттайтын шама. Ойын сүйегінің 5 боп түсу A оқиғасының орындалу ықтималдылығы мынаған тең:

P(A) = 1/6

Бұны былай аңықтадық, ойын сүйегінің 6 жағы бар, 5 бұл бір жақ.

Жалпы P(A) ықтималдылық A оқиғаның пайда болуына жағдай жасайтын оқиғалардың m саның жалпы мүмкін бола алатын оқиғалар саны n қатынасына тең сан:

P(A) = m/n

Барлық оқиғалардың орындалу мүмкіндігі бірдей деп санаймыз.

Немесе тиражы бір миллион болатын лотореяны ұту ықтималдылығы неге тең?

Бір билет алсаңыз, P = 1/1000000.

Екі билет алсаңыз, P = 2/1000000.

Бұл өте аз шама! Соңдықтан лоттореяны ұту қиын болады. Бұл үшін өте көп билет алу керек.

Ықтималдылығы 0 тең бұл мүлде болмайтын оқиға. Ал 1 болса бұл әрқашан орындалатын оқиға. Мысалы ойын сүйегінің ұпайының натурал сан болу оқиғасының ықтималдылығы 1 тең, себебі 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандардың барлығы натурал.

Ықтималдылық 0 ден 1 арасында болатын сан. Бұны 100 көбейтіп пайызбен де кейде белгілейді. Мысалы 1/6 ықтималдылығын 100 көбейтеміз де жуықтап 16,66% аламыз.

Бұл дегеніміз ойын сүйегін лақтырғанда 1, 2, 3, 4, 5 не 6 ұпай болуының ықтималдылығы 16,66 пайызға тең.

Тиражы бес миллион билет болатын лоттореяның үш билетін алған адамның ұту ықтималдылығы қандай болады? Ұтылу ықтималдылығы ше?

Достармен бөлісу:

Пән: Ықтималдық теориясы

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою