×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тік призма, дұрыс призма, дұрыс үшбұрышты призма

Призма жайында бұған дейін жазған едік - призма деген не және призманың көлемі. Бұл жерде тік призма және дұрыс призма деген ұғымдармен танысамыз.

Тік призма бұл сүйір қырлары призманың табанына перпендикуляр болатын пішін:

Тік призма

Дұрыс призма

Дұрыс призма бұл:

1) Тік болатын призма;

2) Призманың табанында жатқан көпбұрыш дұрыс болса.

Мысалы мынау дұрыс призма:

Дұрыс төртбұрышты призма

Бұл паралеллепипед емес пе!

Дұрыс призманың атауы оның табанында жатқан көпбұрыштарға байланысты, мысалы жоғарыдағы призма дұрыс төртбұрышты деп аталады, себебі оның табанында дұрыс төрт бұрыш жатыр.

Сонымен дұрыс төртбұрышты призма паралеллепипед те болады. Оның сүйір жақтары тік төртбұрыштар болады.

Ал жоғарыдағы призма дұрыс үшбұрышты призма болады. Жаттығу ретінде дұрыс бесбұрышты призманы және дұрыс алтыбұрышты призманы салыныз.

Достармен бөлісу:

Пән: Геометрия

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою