×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Призманың көлемі

Призма дегеніміз мынандай пішін:

Призма деген не?

Призманың көлемі V призманың табанының ауданы S призманың биіктігі h-тің көбейтіндісіне тең:

V = Sh

Мысалы призманың табанында бір катеті 3 см ал екінші катеті 6 см болатын тік бұрышты үшбұрыш жатса және призманың биіктігі 15 см болса оның көлемі қандай?

Бұндай призманың көлемі оп-онай аңықталады. Табанындағы үшбұрыштың ауданы:

S = 1/2*3*6

S = 9 см2

Енді бұны призманың биіктігіне көбейтеміз де призманың көлемін табамыз:

V = Sh = 9*15

V = 90 см3

Жоғарыдағы формула барлық призмаларға ортақ, табанында жатқан көпбұрыштан тәуелді емес. Және призманың тік не тік болмауына да тәуелді емес, бұл формула барлық призмаларға ортақ.

Жаттығулар:

1) Призманың табанында катеттері 7 см және 12 см болатын тік бұрышты үшбұрыш жатсын және призманың биіктігі 30см болса оның көлемі қандай?

2) Призманың табанында қыры 5 см шаршы жатса және призманың биіктігі 50 см болса призманың көлемі қандай?

3) Призманың табанында тік бұрышты үшбұрыш жатыр, оның бір катеті 4 см ал гипотенузасы 5 см. Призманың биіктігі 14 см болса оның көлемі қандай?

Достармен бөлісу:

Пән: Геометрия

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою