×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Призма дегеніміз не? Призманың табаны, призманың биіктігі

Призма дегеніміз не? Бұл мынандай фигура, пішін:

Призма деген не?

Бұның табанында алтыбұрыш және оған параллель екінші алтыбұрыш бар. Ал призманың басқа жақтары паралелеограмдардан құралған. Бұл алтыбұрышты призма, себебі оның табанында алтыбұрыш жатыр. Ал мынау үшбұрышты призма:

Үшбұрышты призма

Мынау да призма болады:

Призма деген не?

Призма бұл екі жағы тең және өзара параллель көпбұрыштан ал қалған жақтары паралелеограмдар болатын пішін. Бұл екі көпбұрыштарды призманың табандары деп атайды.

Призманың табаны

Призманың табаны қандай көпбұрыштан құралса, призманың атауы сондай болады. Мысалы призманың табанында үшбұрыш жатса онда ол үшбұрышты призма деп аталады. Жоғарыдағы шыны бұл үшбұрышты призма болады.

Жаттығу ретінде бесбұрышты және төртбұрышты призмаларды салып көріндер.

Призманың биіктігі

Призманың бір табанынан екінші табаны жатқан жазықтыққа түсірілген перпендикуляр призманың биіктігі деп аталады:

Призманың биіктігі

Достармен бөлісу:

Пән: Геометрия

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою