×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Пирамида деген не? Пирамиданың табаны, бүйір қыры, биіктігі

Пирамида бұл мысалы Хеопс пирамидасы:

Хеопс пирамидасы

Бұның астында, табанында квадрат ал бүйір қырлары үшбұрыштардан құрылған, бұл үшбұрыштардың ортақ басы бар. Үшбұрыштардың ортақ басы пирамиданың төбесі деп аталады. Пирамида дегеніміз осы!

Пирамида бұл табанында көпбұрыш ал бүйір қабырғалары ортақ басы бар үшбұрыштардан құралған пішін, көпжақ:

Пирамида деген не?

Бұл суретте пирамиданың табанында бесбұрыш тұр.

Пирамиданың табаны

Пирамиданың табаны ретінде кез келген көпбұрыш бола алады. Мысалы квадрат, үшбұрыш, ромб және басқалары. Жаттығу ретінде бірнеше пирамиданы сызып көріндер.

Мысалы табанындағы көпбұрыштың үш, төрт, бес, алты қырдан құрылғандарды салып көріндер.

Пирамиданың биіктігі

Пирамиданың биіктігі бұл пирамиданың төбесінен пирамиданың табаны орналасқан жазықтыққа түсірілген перпендикуляр. Мысалы Хеопс пирамидасының биіктігі 139 метр!

Достармен бөлісу:

Пән: Геометрия

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою