×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Цилиндр деген не? Цилиндр ауданы - бетінің және табанының

Цилиндр деген не? Цилиндр дегеніміз бұл мысалы оқтау:

Оқтау

Оқтаудың екі ұшында дөңгелек бар, ал ортасы бұл дөңгелектерге параллель кесінділерден тұрады.

Цилиндр бұл екі паралелль орналасқан дөңгелектен және оларды қосатын перпендикуляр кесінділерден (дөңгелектерге перпендикуляр) құралған пішін:

Цилиндр деген не?

Суретте цилиндрдің биіктігі H деп ал цилиндрдің табанындағы дөңгелектің радиусы R деп белгіленген. Цилиндрдің биіктігі бұл екі дөңгелекті қосатын перпендикулярдың ұзындығы.

Цилиндр табанының ауданы

Цилиндр табанының ауданы бұл оның табанында жатқан дөңгелектің ауданына тең, ал дөңгелектің ауданы мына формуламен есептелінеді:

S = πR2, π жуықтап алғанда 3,14 тең сан

Цилиндрдің табандары екеу болғандықтан бұны былай да жаза аламыз:

S = 2πR2

Табанының радиусы 15 см болатын цилиндрдің табанының ауданы қандай?

Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы

Цилиндрдің бүйір беті дегеніміз бұл дөңгелектерге паралелль орналасқан бет. Цилиндрдің бетінің ауданы бұл осы бүйір бетінің ауданың атайды. Оның ауданы:

S = 2πRH

Биіктігі 10 см ал диаметрі 8 см болатын цилиндрдің бүйір бетінің ауданы неге тең?

Цилиндр толық бетінің ауданы

Цилиндр толық бетінің ауданы бұл бүйір бетінің және екі табанының аудандарының қосындысына тең:

S = 2πRH + 2πR2

Цилиндр ауданы формуласы осындай!

Достармен бөлісу:

Пән: Геометрия

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою