×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Көлем дегеніміз не? Көлем өлшем бірліктері

Көлем дегеніміз не? Көлем бұл кеңістікте дененің алатын орның, сыйымдылығын сипаттайтын шама. Мысалы сусынның қабында 1 литр деп жазылады, бұның мағынасы сусынның көлемі 1 литр, бұл бөтелкеге 1 литр су сыяды дегені. Су таситын шелектер әдетте 10 литр болады, бұған 10 литр су құя аламыз:

Көлем деген не?

Бұған қалай көз жеткізе аламыз? Оп-оңай ақ, жанағы 1 литр сусынның бутылкасына су толтырамыз да шелекке құямыз. Шелекке 10 рет су бутылкамен құйылса оның көлемі 10 литр болады. 8 рет болса 8 литр болады.

Көлемнің қасиеттері

Денені бірнеше бөлікке бөлсек, оның бөліктерінің көлемдерінің қосындысы осы дененің көлеміне тең. Мысалы 1 литр алма сусының бірнеше стақанға бөліп құйсақ, стақандардағы сусынның жалпы көлемі бастапқы 1 литрге тең.

Көлем ұғымы

Көлем ұғымын еңгізу үшін кубты пайдалынады:

Куб

Қыры 1 см болатын кубтың көлемі 1 см3 деп алынады ( см орнына, метр, км және тағы сол сияқтыларды пайдалынуға болады). Бұны 1 куб сантиметр дейді.

Қыры 2 см кубтың көлемі қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін 2 см кубты 1 см кубтарға бөлеміз. Сонда неше 1 см куб пайда болады? Суретін сызып көріндер.

Жалпы 8 куб пайда болады. Яғни қыры 2 см кубтың көлемі 8 см3. Бұл 2*2*2 деп табылды.

Көлемнің өлшем бірліктері

Куб см пайдалану ыңғайсыз, бұдан гөрі литрді пайдалыну тиімдірек. 1 литр бұл қыры 10 см болатын кубтың көлеміне тең көлем. Бұл 1000 см3. Бұны қалай таптық? Жаттығу ретінде 8 литр қандай кубқа парапар? Оның қыры қандай?

Көлемнің өлшем бірліктері қатарына литрдан басқа куб м мен куб км да пайдалынады.

Достармен бөлісу:

Пән: Геометрия

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою