×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Шардың көлемі, шардың көлемінің формуласы, литр дегеніміз не

Шардың көлемі мына формула арқылы есептелінеді:

V = 4/3*πR3, мұндағы π жуықтап алғанда 3,14 тең

Мысалы радиусы 10,9 см болатын футбол добының көлемін есептейік:

V = 4/3*pi*R3 = 4/3*3,14*10,93 = 5421,85 см3

Радиусы 11,9 см болатын баскетбол добының көлемі қандай? Ал радиусы 6371 км болатын Жердің көлемі қандай?

Куб см литрға аудару, литр дегеніміз не?

Күнделікті тұрмыста барлығымыз литрды пайдаланамыз. Бір литр сүт, жарты литр сусын, он литрлы шелек және тағы сол сияқты. Литр дегеніміз не? Литр бұл 1000 см3. Халықаралық бірліктер жүйесінде литр деп қыры 10 см болатын кубтың көлемін атайды. Бұл 1000 см3.

Сондықтан куб см есептелінген көлемді 1000 бөлеміз де литрмен есептелінген көлемді аламыз, мысалы жоғарыдағы футбол добының көлемі литрмен:

V = 5421,85/1000 = 5,42185 литр

Баскетбол добының көлемі неше литр?

Шардың көлемі формуласы осындай. Сабақта келтірілген есептерді өз бетімен шешініз, есептерді шешпей - математика, геометрия, алгебра, физика, химия сынды пәндерді меңгері мүмкін емес!

Достармен бөлісу:

Пән: Геометрия

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою