×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Шеңбердің ұзындығы формуласы, шеңбердің радиусы

Шеңбер дегеніміз шеңбердің центрі деп аталатын бір нүктеден бірдей арақашықтықта жатқан нүктелерді айтамыз:

Шеңбер

Бұл суретте радиусы 5 см тең шеңбер сызылған. Суреттегі шеңбердің центрі қандай нүкте? Шеңбердің радиусы көмегімен шеңбердің ұзындығы есептелінеді.

Шеңбердің ұзындығы формуласы

Шеңбердің ұзындығы формуласы мынандай:

L = 2πR, осы жердегі π жуықтап алғанда 3,14 тең.

Мысалы жоғарыдағы шеңбердің ұзындығын есептейік:

L = 2πR = 2*3,14*5 = 31,4

Жауабы радиусы 5 см шеңбердің ұзындығы 31,4 см тең.

Жаттығу ретінде радиусы 15 см тең шеңбердің ұзындығын табындар.

Шеңбердің периметрі

Шеңбердің периметрі дегеніміз оның ұзындығы. Бұл екеуі бірдей мағына береді.

Дөңгелектің ұзындығы

Дөңгелектің ұзындығы оны қоршап тұрған шеңбердің ұзындығына тең. Дөңгелектің периметрі де сол мағына береді. Дөңгелектің ауданы қажет болса бұл да осы сайтта бар.

Шеңбердің диаметрі

Шеңбердің центрі арқылы түзуді өткізуге болады. Бұл түзу шеңберді екі рет қияды:

Шеңбердің диаметрі

Бұл түзуде жатқан және ұштары шеңберді екі рет қиятын кесіндіні шеңбердің диаметрі деп атайды. Жоғарыдағы суретте ақ түспен боялған. Шеңбердің диаметрің D деп белгілейді. Және бұл радиустан екі есе үлкен:

D = 2R

Соңдықтан жоғарыдағы формуланы былай да жазуға болады:

L = πD

Достармен бөлісу:

Пән: Геометрия

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою