×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ауа райы деген не? Ауа райын болжау

Ауа райы деген не? Алматыда бүгін ауа райы бұлтты, Семейде бүгін ауа райы жаңбырлы деген сөздер қандай мағына береді?

Ауа райы бұл атмосфераның жағдайы. Жаңбыр жауып тұр ма? Жел соғып тұр ма? Қар борандатып жауып тұр ма? Жылы ма? Ыстық па? Суық па? Осының бәрінің қорытқы атауы ауа райы.

Ауа райы

Ауа райын сипаттайтың құбылыстарды метеорологиялық элементтер деп атайды. Желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның температурасы, жауын-шашынның бар болуы және өзгелері.

Ауа райын болжау

Әрбір адам ертенің болжайды, далаға барып қандай киім кию керектігін білгісі келеді. Ертең біреу жаңбыр болады десе, адам тәңертен қолшатырын алып оқуға не жұмысқа барады. Ертең желді болады десе жылы жемпірін киеді. Оған қоса ауыл шаруашылығында алдағы күндері ауа райы қандай болатының білу керек. Егістікке дән егу үшін (ауыл шаруашылығымен қоса, туризмде, авиацияда және өзге салаларда ауа райын болжау қажет).

Сондықтан ауа райын болжау экономикада маңызды рөль атқарады. Елімізде бұл қызметті "Қазгидромет" атқарады.

Ауа райын болжау үшін деректерді жинау керек. Мысалы көп жағдайда бір қалада жауған жауын-шашын біраз уақыттан өзге қалаға жетеді. Қар да, жылу да, желмен осылай бір жерден өзге жерге көшіп тұрады. Тағы бір мысал, қыста Солтүстік Мұзды мұхиттан жеткен суық ауа массалары алғашында Петропавлға, одан бір-екі күннен кейін Астанаға, кейін Қарағандыға және күші бәсендемесе онтүстікке дейін жетеді. Жеткен жерлердің ауасын салқындатады, жерің мұздатады.

Ауа райының картасы немесе синоптикалық карта

Бүткіл Қазақстан аумағында Қазгидрометтің станциялары бар, осы станцияларда ауа температурасы, желдің бағыты, жауын-шашын мөлшері және басқа метеоролиялық көрсеткіштер өлшенеді де, бұлар арнайы картаға салынады:

Синоптикалық карта

Бұны ауа райы картасы немесе синоптикалық карта деп атайды.

Бұл картадағы мәліметтер бір уақытта жиналады. Және бірдей уақыт аралығында мәліметтер жаңарып тұрады (мәліметтер қайтадан жиналып тұрады).

Ауа райын зерттеу үшін атмосфераның жоғарғы қабаттарына жеңіл газ толған шарларды - зонд шарларын жібереді:

зонд шарларын

Бұл шарға арнайы аспаптарды байлап қояды. Бұлар жерде орналасқан метеорологиялық станцияға мәліметтерді жіберіп отырады.

Зонд шарларынан басқа ұшақтарды, зымырандарды да пайдалынады.

Достармен бөлісу:

Пән: География

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою