×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Атмосфера қабаттары

vk

Атмосфера қабаттары мына суретте келтірілген:

Атмосфера қабаттары

Осы қабаттарды жеке баяндап берейік.

Тропосфера қабаты

Тропосфера қабаты бұл атмосфераның ең төменгі қабаты. Жер бетінен жоғарлаған сайын ауаның тығыздығы азаятындықтан бұл қабатта өте көп газ шоғырланған. Жердегі жануарлар мен өсімдіктер осы қабатта мекендейді. Құстар жоғары ұшса, осы тропосфера қабатында ұшады.

Тропосфераның қалындығы әркелкі болады. Экваторда 16-18 км, полюстерге жақын жерлерде 8-9 км, ал орталық белдеулерде 10-11 км шамасында болады. Бұның себебі ауа жылу жерлерде көбірек қызады да, көбірек ұлғаяды. Мысалы экваторларда. Ал суық жерлерде аз жылынады да, аз ұлғаяды. Мысалы полюстерде.

Стратосфера қабаты

Стратосфера қабаты шамамен жер бетінен 50-55 километр биіктікке дейін орналасқан. Бұнда ауаның тығыздығы тропосферамен салыстырғанда аздау болады. 10-35 км биіктікте озон көп тараған. Озон бұл жердегі тіршілікті ғарыштан келетің зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғайды.

Мезосфера

Мезосфера қабаты бұл шамамен 80 км биіктікке дейін орналасады. Бұнда күміс тәріздес бұлттар пайда болады:

Күміс тәріздес бұлттар

Бұлар кәдімгі бұлттардан жоғарырақ орналасады.

Термосфера

Термосфера қабатында температура үлкен болады. Жоғары шекарасы шамамен 750 км ал сондағы температура +1000 0С жетеді. Термосфера қабаты иондалған газдардан құралған. Бұл қабаттан жерден жіберілген радиосигналдар шағылысады:

Ионосфера қабаты

Полюстерде Күннің әсерінен поляр шұғыласы пайда болады.

Экзосфера

Экзофера қабаты атмосфераның ең жоғарғы бөлігінде орналасқан. Бұнда температура шамамен 2000 0С градус ыстық деп ғалымдар болжайды. Атмосферадағы жеңіл газдар, сутегі мен гелий сияқты, осы қабаттар ғарышқа таралады.

Пән: География