×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Атмосфера деген не? Атмосфераның құрамы

Атмосфера деген не? Атмосфера бұл Жер планетасын қоршап тұрған газ қабаты. Бұл адамдар мен барша тіршілік тыныс алып тұрған ауа. Атмосфера термині көне гректің атмос (бу) және сфера (шар) деген сөздерден құралған.

Атмосфера жердегі тіршілікке тыныс алу үшін қажетті ауадан құралған. Және сонымен қатар ол жердегі тіршілікті ғарыштық кеңістіктен келген метеориттерден қорғайды. Метеориттер бұл қатты заттардан құралған денелер, метеориттер аса жоғары жылдамдықпен қозғалады, соңдықтан бұлардың жер бетімен соқтығысуы қауіпті. Метеориттердің көбі атмосфераның жоғарғы қабаттарына жеткенде жанып кетеді де, жердегі тіршілікке зиян келтірмейді:

Метеорит

Тек кейбір метеориттер ғана, атмосферадан өтіп, кішірейіп, жер бетіне жетеді.

Атмосфераның құрамы

1774 жылы француздың ұлы ғалымы, химигі Антуан Лавуазье ауа құрамын тәжирибе жүзінде аңықтаған. Сөйтіп атмосфераның құрамы аңықталды. Ауа бұл бірнеше газдардың механикалық қоспасы.

Атмосфера негізінен азот деген газдан құралған, оның ауадағы массалық үлесі 78,08%. Және оттегі деген газ да бар, бұның үлесі 20,94%. Бұл газдарға қоса озон, көміртегі диоксиді, инертті газдар және басқалары ауа құрамында бар. Бұлардың массалық үлесі қандай?

Озон ерекше қасиетке ие газ. Бұл газ ғарыштан келген ультракүлгін және өзге зиянды сәулелерден жердегі тіршілікті қорғайды. Бұл газ болмаса жердегі тіршілік жойылып кетер еді!

Су буы атмосферада кездеседі. Жер бетіндегі су күн сәулесінің әсерінен жылынып буға айналып жоғары көтеріледі, қайнаған шәйнектегі су буы сияқты.

Атмосферада газдармен қоса қатты және сүйық күйіндегі заттар бар, бұлардың ғылыми аты табиғи аэрозолдар. Мысалы шаң тозан ұсақ қатты заттардан құралған. Жел шаң-тозанды жоғары ұшырып атмосфераның жоғары қабаттарына көтереді.

Достармен бөлісу:

Пән: География

Комменттер

Саламатсызба! Ал басқа сабақтар осы сайтта бар ма?

Күлпаш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Иә бар! Физика, химия, математика және басқа пәндерден. Сайттың басты бетінде бар. Тағы сұрақтар болса сұрай беріңдер!

Оған қоса сізге керексіз, бірақ басқаларға қажет заттарыңызды хабарландыру тақтасы арқылы сатыңыз. Тіркелу тегін!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою