×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Дін дегеніміз не? Ислам діні және әлемдік діндер

vk

Дін дегеніміз не? Дін бұл Жаратушыға сену, бұл Әлем мен адамдар өздігінен емес, құдыретті Құдайдың арқасында пайда болғаны жайлы сенім, ілім. Дінде адамдар Құдайға лайықты болу үшін, қандай іс-әрекеттер жасауы, не істеуі керектігі айтылады.

Адамның ұрлық жасауы лайықты іс пе? Жоқ, себебі бұл барлық діндерде күнә. Оған қоса заңмен құдаланады. Бұл заманғы мәдениеттер мен дәстүрлер діндердің әсерімен қалыптасқан.

Ислам діні

Ислам діні бұл Аллахқа сену. Аллах пен қоса Құдай, Тәңір, Жаратушы сияқты атаулар да қолданылады. Бұлардың мәні бір, Аллахтың 99 атауы бар. Аллах әлемді және адамды жаратқан.

Ислам дінінде адамда бес парыз бар. Бұл Алланың барына және Мұһаммед оның пайғамбары дегеніне сену, күніне бес рет намаз оқу, қажылыққа бару, зекет беру, ораза ұстау.

Мұсылмандар Құдайға арнап дұға оқитын жер мешіт деп аталады. Мысалы Астанада Нұр-Астана мешіті бар:

Мешіт

Дінмен қоса атеизм деген ұғым бар. Бұл Құдайға сенбеу, дінді менсінбеу, бар дүниенің өздігімен пайда болды деп айту. Кеңес Одағы заманында осы атеизм салдарынан талай қазақ мұсылман дінінен безіп, алқаш боп қалған. Жалпы Құдайға сенбеген адам барар жерін, басар тауын таба алмай зұлым болуға бейім болады. Ал дін өзгеге қамқор болуды, тәрбиелі, әдепті болуыд насихаттайды.

Пән: География