×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Конституция деген не? ҚР Конституциясы

vk

Конституция деген не? Конституция бұл мемлекеттегі ең жоғарғы күшке ие заңдар жинағы. Конституцияға қайшы келетің заңдар күшін жояды. Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясы 1995 жылының 30 тамызында қабылданған. Республикалық референдумда.

Ата заң деген не? Ата заң бұл конституция сөзінің қазақша аудармасы. Екеуі қатарынан қолданылады. Көне заманда ата заң рөлін хандар мен билер шығарған заңдар жинақтары атқарған. Мысалы, Абылай ханның "Ақ Жолы", Тәуке ханның "Жеті Жарғысы", Есім ханның "Ескі жолы", Қасым ханның "Қасқа Жолы". Бұған қоса мұсылман елі болғандықтан қазақ жерінде шариғат заңдары да қолданылған.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Конституциясы немесе қысқаша ҚР Конституциясы жоғарыда жазылғандай 1995 жылы қабылданды. Бұл еліміздің басты заңы, барлық заңдардың негізі. Ата заңымыз 9 бөлімнен тұрады.

Әрбір бөлім жеке баптардан тұрады.

Бірінші бөлім. Жалпы ережелер

Бұнда бірінші бапта Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық ел екені айтылады. Мемлекеттің басты байлығы адам және оның бостандығы деп белгіленген.

Бірінші баптын екінші тармағында ел үшін маңызды мәселелердің Парламент не Референдумде шешілетінің айтылады. Елде саяси тұрақтылық және экономикалық даму болуы керек деп те.

Жалпы ережелер 9 баптан тұрады. Бұнда - мемлекеттің тұтастығы, ҚР рәміздері (Ту, Елтаңба және Гимн), өзге мемлекеттерді сыйлау, қазақ тілінің ерекше мәртебесі, меншік құқығы және халық биліктің көзі сияқты түсініктер заң жүзінде белгіленген.

ҚР Конституциясының екінші бөлімі. Адам мен азамат

Бұнда адамның құқықтары жайлы жазылған. Барлық адамдардың заң алдында бірдей құқыққа ие болуы, әрбір адамның өмір сүруге құқығының барын және өзге құқықтар айтылған.

Адамдардың - дініне, ұлтына, тіліне және басқа ерекшеліктеріне қарап құқықтарын шектеуге болмайтыны айтылған. Заң алдында бәрі тең. Және ҚР азаматтары ел тыныштығын қорғауы керек деп те жазылған.

Үшінші бөлім. Президент

Бұл бөлімде мемлекет басшысы президент екені жазылған. Президент сыртқы және ішкі саясатты белгілейтің адам. Президент елдің тірегі, ел тыныштығын сақтаушысы деп айтылған.

Президент сайлау арқылы тағайындалады.

Төртіші бөлім. Парламент

Парламент бұл заң шығарушы орган. Парламент екі Палатадан (бөліктен) тұрады - Сенат және Мәжіліс. Парламентте жұмыс істейтің адам депутат деп аталады.

Сенатқа әрбір облыстан, республикалық маңызға ие қалалардан және астанадан екіден келген депутаттардан құралған. Мәжіліс болса бұл сайлау нәтижесінде белгіленетің депутаттардан тұрады.

Бесінші бөлім. Өкімет

Өкімет бұл атқарушы билік тармағы. Өкімет парламент пен президент алдында жауапты. Өкімет құрылымы Премьер-Министрмен президентке ұсынылады. Премьер-Министр өкімет жұмысына жауапты.

Алтыншы бөлім. Конституциялық Кеңес

Конституциялық Кеңес бұл жеті адамнан тұратың арнайы орган. Оның жұмысы елдегі қабылданатың заңдарды бақылау. Парламент қабылдаған заңдарды Конституциялық Кеңес тексереді, бұл заңдардың Конституцияға қайшы келмейтінің аңықтайды. Қайшы келмесе президентке ұсынады, президент қол қойса заң қабылданады.

Конституциялық Кеңес Конституцияның орындалуын және мән-мағынасын аңықтап береді.

Жетінші бөлім. Соттар және сот төрелігі

Қазақстан азаматтары арасында дау туса, даудың шешімі сот арқылы табылуы мүмкін. Сот шешімі орындауы тиіс. Осы бөлімде сот жайлы айтылады.

Сегізінші бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Жергілікті мемлекеттік басқаруға бұл ауылдар, қалалар және облыстардағы билік тармақтары жатады. Ауыл, қала, облыс әкімі жергілікті билік тармағына жатады. Оған қоса парламенттің жергілікті баламасы маслихаттар бар.

Маслихаттар заң шығарады, заңдары тек өздері орналасқан аумақта ғана күшіне ие. Мысалы Семей маслихатында шығарылған заңдар, Қостанай жерінде күшіне ие емес, Семей аумағында ғана күшіне ие.

Тоғызыншы бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Бұл бөлімде қосымша ақпарат берілген. Парламент пен президенттің референдум қабылдауы жайлы. Референдум нәтижелері сияқты.

Пән: Құқық негіздері