Физика есептер жауаптарымен және шығару жолдарымен
Физика есептер жауаптарымен керек болса бұл жерде бар. Бұларға қарап есептерді шешуді үйренініз.
Ауылдағы ұстазым Қадір Болатбек-ұлы былай деген:
"Балалар, физикадан есептер шығарғанда алдымен сызба салыныз, есепте берілген шамаларды және олардын бағыттарын белгілеп. Бұл есептің шешілуін жеңілдетеді!".
Мысалы физика 7 сынып есептер жинақтарында жиі кездесетің мына есепті шығарайық:
Кеменің өзен ағысы бағытындағы жылдамдығы 25 км/сағ, өзен ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы 15 км/сағ. Кеме мен өзеннің жылдамдығы қандай?
Бұл үшін сызба салайық.
Кеме мен өзен ағысы бірдей болғанда:
Бұл жағдайда өзен ағысының және кеменің жылдамдықтары қосылады себебі екі жылдамдықтың бағыттары бірдей.
Кеме мен өзен ағысы әртүрлі болғанда:
Бұл жағдайда кеменің жылдамдығынан өзен ағысының жылдамдығы алынады, себебі өзен ағысының бағыты мен кеменің бағыты әртүрлі.
Осы екі теңдеуді біріктірсек теңдеулер жүйесін аламыз:
Осыны шешейік, бұл үшін бір белгісізді екінші белгісіз арқылы өрнектейік:
Енді бұны екінші теңдеуге қоямыз:
Сонымен өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ ал кеменің жылдамдығы 20 км/сағ.
Физика есептер
1) Кеменің өзен ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы 20 км/сағ ал өзен ағысы бағытында 30 км/сағ. Кеме мен өзеннің жылдамдықтары қандай?
2) Кеме су ағысымен 100 км жолды бес сағатта ал өзен ағысына қарсы қазғалып үш сағатта 30 км жолды өтті. Өзен ағысының және кеменің жылдамдықтары қандай?
Физика есептер шығару мысалы
Физика есептер шығару екінші мысалы:
20 метр биіктіктен жерге құлаған тас неше t секундта жер бетіне жетті? Ауаның кедергісін елемеңіз.
Дене жерге g еркін түсу үдеуімен құлайды. Бұл g = 9,8 м/с. Тастың бастапқы жылдамдығы нөлге тең, ал жерге құлағандағы v жылдамдығы үдеудің аңықтамасы бойынша v = gt тең.
Тастың орташа жылдамдығы vорт = (0 + v)/2 = (0 + gt)/2 = gt/2
Тас h биіктікті t уақытта өтеді:
h = vортt = gt2/2
Бұдан:
t2 = 2h/g
Жауабы: Тас жерге екі секундта құлайды.
Жаттығу ретінде 45 метр биіктіктен құлаған метал шардың жерге дейін жетуге кеткен уақытын есептеңіз. Шардың бастапқы жылдамдығы нөлге тең.
Осы есепте шардың бастапқы жылдамдығы нөл емес, жер бетіне перпендикуляр бағытта жоғары 20 м/с болса шығара аласыз ба?
Пән: Физика