× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ауаның ылғалдылығы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы

Жер планетасында талай су көздері бар - көлдер, өзендер, теңіздер, мұхиттар. Бұлардың барлығының бетінен су буланып атмосфераға көтеріледі, су буы ауамен араласады. Ауаның ылғалдылығы пайда болады. Ауаның ылғалдылығы көп болса атмосферада жауын-шашын пайда болады. Жаңбыр, қар, бұршақ жауады.

Қыста ауадағы су буының мөлшері азаяды, бұның салдарынан адам ауыра бастайды. Не себепті қыста ауаның ылғалдылығы азаяды?

Ауаның абсолют ылғалдылығы

Ауаның абсолют ылғалдылығы бұл бір шаршы метр ауада су буының неше грамм барын көрсететің шама:

ρ = mсу буының салмағы/Vауа көлемі

Бұның өлшем бірлігі гр/м3.

Мысалы 200 Цельсий градуста ауаның ылғалдылығы 10 гр/м3 болуы мүмкін. Бұл дегеніміз бір текше метр (бұл 1000 литр) ауада 10 грамм су бу түрінде бар деген сөз.

Қаныққан бу

Ауаның ылғалдылығы ауадағы су буының мөлшерімен аңықталады. Неғұрлым ауада су буы көп болса, соғұрлым ауаның ылғалдылығы артады. Бірақ ауаның ылғалдылығы шексіз арта бере алмайды. Ауадағы бу су боп денелерде пайда болады. Шөптің шығы сияқты:

Ауаның ылғалдылығы

Эксперимент жасап көрейік, екі шыңы ыдыс алып екеуіне су құямыз, бірінің беті ашық ал екіншісінің аузы жабық:

Қаныққан бу

Біраз уақыттан кейін қарасақ бірінші ыдыстағы су азаяды, ал екінші ыдыстағы судын булануы тоқталады. Себебі бірінші ыдыстағы су бөлмеге тарай береді.

Ал екінші ыдыстағы су буланып, су буының ылғалдылығын арттырады. Біраз уақыттан кейін бұл булану тоқтатылады, буға қанша су айналса, соншама мөлшерде бу қайтадан суға айналады. Осыны қаныққан бу дейді.

Қаныққан бу бұл ауаның ылғалдылығы мейлінше көп болатын жағдай.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ бұл ауаның абсолют ылғалдылығы ρауа мен қаныққан будын тығыздығы ρбу-нің процентпен өрнектелген қатынасына тең шама:

φ = ρауабу*100%

Мысалы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40% болса, бұл ауадағы судын мөлшері, қаныққан будағы судын мөлшерінің 40 пайызын құрайды дегені.

Пән: Физика