× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Булану және конденсация, сублимация

Булану бұл сұйық заттың бетінен молекулалардың бөлініп газға айналуы. Мысалы әтір суы бар ыдыстың қақпағын ашсаңыз бұның иісі бүткіл бөлмеге тарайды, бірақ әтір судың өзі шыңы ыдыстың ішінде қалады. Бұл әтір суының бетіндегі молекулалардың бөлмеге таралауы.

Қайнау

Қайнап тұрған шәйнектен бу шығып тұрады:

Булану

Булану бүткіл сұйықтық көлемінде жүреді, сұйықтық бетінде ғана емес, сондықтан бұны арнайы қайнау деген терминмен атайды.

Булану процессі қалай өтеді?

Сұйықтық ішіндегі молекулалар белгілі бір жылдамдықтармен қозғалады. Бұл молекулалардың өзара тартылу күші бар, бұл молекуларалық өзара тартылу күші, осының арқасында сұйық түзіледі.

Бірақ кейбір молекулалардың жылдамдықтары тым көп болады да, олар молекуларалық күшті жеңіп шығып сұйықтықтан бөлінеді. Мысалы су ішіндегі молекулалар сыртқы жылудың арқасында жылдамдықтарын көбейтеді де судан бөлініп буға айналады.

Сұйықтық буланған кезінде шапшаң қозғалған молекулалар (сұйықтық ішіндегі басқа молекулалармен салыстырғанда) сұйықтықтан бөлінетіндіктен, сұйықтықтың температурасы төмендейді.

Булану жылдамдығы неге тәуелді?

Кей кезде булану тез жүреді, ал кей кезде булану баяу жүреді. Сұйықтықтың булану жылдамдығы неге тәуелді? Температураға, сұйықтықтың беткі ауданына, сұйықтық түріне (бензин судан гөрі тезірек буланады) және желге тәуелді болады.

Булану процессі тек сұйық қайнағанда ғана емес, барлық жағдайларда болады. Мысалы әтір суы қақпақ ашылғанда бүткіл бөлмеге тарайды, бұл булану процесінің басталғанының айғағы. Булану барлық сұйықтарға тән құбылыс.

Конденсация

Кейбір газдар температура азайғанда сұйықтыққа айналады. Мысалы бу суға айналады:

Булану және конденсация

Бұл суреттің оң жағында су қайнап буға айналады, одан кейін бу түтікше арқылы мұзы бар қолбаға жетеді де салқындалады да суға айналады.

Газ күйіндегі заттың сұйықтыққа айналуы конденсация деп аталады. Газдар температура азайғанда сұйықтыққа айналады. Мысалы сутегі не оттегі газдары төменгі температураларда сұйық күйінде болады. Немесе фильмдерде талай рет көрсетілетін сұйық азот:

Сұйық азот

Бұл азот арнайы тоңазытқышта, төмен температурада сұйық күйінде болады. Бірақ температура жоғарлаған сайын азот буланады да газға айналады.

Сұйық күйіндегі азот өте қауіпті зат! Сұйық азотқа салынған заттар мұз болып қатып қалады да, бір соққымен үгітіліп қалады.

Булану және конденсация дегеніміз осы!

Сублимация

Сублимация деген не? Сублимация бұл қатты заттардың газға айналуы. Мысалы - сабын, аяқ киімді тазалайтың крем, ас және басқалары буланады.

Пән: Физика