× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ақпараттың өлшем бірліктері, бит деген не? Байт деген не?

Электрондық мәшине қатарына барлық - ұялы телефондарды, планшеттерді, компьютерлерді жатқызуға болады. Бұлар өз ішіне мәліметті сақтай алады. Мысалы өзге адамдардың нөмерлерің телефонның жадында сақтауға болады. Немесе компьютердің ішінде не смартфонда талай фотолар, рефераттар, кітаптер, ойындар, фильмдер, аудио жазбалар және басқалары сақталынады.

Бұл қалай сақталынады? Қалай компьютер ішінде мәлімет сақталынады?

Бит - ақпараттың өлшем бірлігі

Электрондық мәшинелерде сигнал беру не бермеу арқылы ақпарат компьютер ішінде тасымалданады. Мысалы шам жанса бұл 1, ал жанбаса 0 деп компьютерге "түсіндіріледі". Бит дегеніміз екі ғана мән қабылдай алатын шама.

Бұл 0 не 1. Мысалы күн 0 ал түн 1 деп белгілесек. Дәл қазіргі уақытта күн болса бит 0, ал түн болса бит 1 деген мән қабылдайды. Бит - ақпараттың өлшем бірлігі және ең кішісі.

Мұғалімдерініздің қай баланың сабаққа келуі не келмеуі жайлы мағлұматты журналға осы биттің көмегімен жазады. Бала келсе "к" (келді) ал келмесе "ж" (жоқ) деп белгілейді. Бұл да бит емес пе? Себебі бұл шама екі ғана мән қабылдай алады, к және ж, бұларды 0 мен 1 алмастырсақ нәтиже өзгермейді:

Бит деген не?

Осы кестедегі датадан төмен орналасқан ұяшықтар бит болады. Әрбір ұяшық 0 не 1 мән ғана қабылдай алады.

Байт

Байт дегеніміз бұл 8 биттен құралған ақпараттың өлшем бірлігі. Байт бұл сегіз ұяшықтан құралған кесте десек те болады:

Байт деген не?

Осы кесетнің әрбір ұяшығына 0 не 1 цифрің жаза аламыз, мысалы былай:

Байт деген не?

Әрбір биттін екі мән қабылдай алатының ескерсек, бір байтта қанша бит бар?

1 байт = 2*2*2*2*2*2*2*2 = 28 = 256 бит.

Бір байттың 256 түрлі мән қабылдай алатының ескере отырып, барлық цифрлерді, әріптерді және арнайы символдарды осы байтпен белгілеуге болады.

Мысалы үлкен Q әрпін былай белгілейді:

Байт деген не?

Кестелер мен олардағы ұяшықтар түсінікті болу үшін келтірілді. Нөлдер мен бірлер кестесіз беріледі.

Еселеуіштер

Байт бұл аз шама, бұдан ірі шамалар практикада көп қолданылады. Мысалы Мегабайт немесе Гигабайт.

1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мегабайт (қысқаша Мбайт) = 210 Мбайт = 220 Килобайт (Кбайт) = 230 байт.

Жаттығу бір Терабайтта 1024 Гбайт бар болса, бұнда неше Мегабайт және Кбайт бар?

Байтты практикада б деп те жаза береді, мысалы Гбайт емес Гб деп қана. Ақпараттың өлшем бірліктері дегеніміз осы.

Пән: Бағдарламау