× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Шығыс Түрік қағанаты, Күлтегін, Білге Қаған, Төнікөк

603 жылы Дунай өзенінен Тынық мұхитына дейін созылған алып Түрік қағанаты екі бөлікке бөлінеді - Батыс Түрік қағанаты мен Шығыс Түрік қағанаты. Шығыс Түрік қағанаты бұл Алтайдан Тынық мұхитына дейінгі жерлерді қамтыған.

Шығыс Түрік қағанаты және Қытай

Қытай елі Шығыс Түрік қағанатымен шекаралас еді. Қытайлар түркілердің жерін, елін өздеріне қаратқысы келді. Осы себеппен Шығыс Түрік қағанатымен талай соғысқан. Қытайлардың саны, байлығы, әскер саны түркілерден едәуір көп еді.

630 жылы қытайлар Шығыс Түрік қағанатың жаулап алады. Мемлекет Қытайға тәуелді боп қалады. Басшыларың қытайлықтар шенеуніктері арасынан тағайындайды. Бірақ жерін сақтап қалады.

Қайта қалпына келтіру

Шығыс Түрік қағанаты 682 жылы қайтадан құрылады. Қытайлықтардың тас-талқаның шығарады. 716 жылы билікке Білге қаған келеді. Ал әскер басы боп оның інісі Күлтегін болады. Төнікөк кеңесші болады.

Осы үшеуі қағанатты қайта өркендетеді. Қытайды жеңіп одан алым-салық алып тұрады. 731 жылы Күлтегін дүние салады, біраз уақыттан кейін Білге қаған да қайтыс болады.

Бұлардан кейінгі заманда мемлекет әлсірейді, елде алауыздық пайда болады. Бұны ұйғырлар мен қарлұқтар пайдалынады да 744 жылы Шығыс Түрік қағанатын құлатады. Түркілердің біразы батыстағы қимақтарға қашады.

Пән: Тарих