× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қыпшақтар, Қыпшақ хандығы, Дешті Қыпшақ

Қыпшақ деген сөзі алғашқы рет 8 ғасырдағы көне түркі руна жазуларында кездеседі. Қыпшақтар жайлы көптеген құнды деректерді еуропалықтар, византиялықтар, орыстар және арабтар қалтырған. Еропалықтар қыпшақтарды кумандар ал орыстар половецтер деп атаған. Шығыс ғұламалары қыпшақтарды өз атымен атаған.

Қыпшақ қимақ

Қыпшақтар 8-11 ғасырларда Қимақ қағанатының құрамына енген. Қыпшақ қимақ сол заманда бірге жауға тойтарыс беріп отырған. Қимақтардың батыс қанатын қыпшақтар құрған. Қыпшақ пен қимақтардың дәстүрлері, шаруашылығы, мәдениеті бір деңгейде және бір-біріне ұқсас еді.

11 ғасырдың басында билік қимақтардан қыпшақтарға көшеді де мемлекет Қыпшақ хандығы деп атала бастайды.

Қыпшақ хандығының құрылуы

11 ғасырдың басында құрылған қуатты Қыпшақ хандығы Сырдария мен Каспий бойындағы оғыздарды батысқа ығыстырды. Оғыздар батысқа көшіп Әзербайджан, Түрікмен, Түрік ұлттарының ұйытқысы болды.

Дешті Қыпшақ

11 ғасырда қыпшақтар Ертістен Дунайға дейінгі жерлерді бағындырды. Бұл жерлер Дешті Қыпшақ деп аталды. Мағынасы қыпшақ даласы дегенді білдіреді. Және бұл жерлерде мекендеген тайпалар өздерін қыпшақтар деп атай бастаған. Қыпшақ даласы екі қанатқа бөлінді сол және оң.

Бұл сонау көне түркі қағанаттардан келе жатқан дәстүр.

Шығыс Дешті Қыпшақ

Шығыс Дешті Қыпшақ бұл Еділ мен Ертіс өзендері аралығындағы жерлерді қамтыған аумақ. Бұл оң қанаты. Бұл жерлерде тек қыпшақтар ғана мекендемеген. Қимақтар, наймандар, арғындар және өзге рулар мекендеген. Бірақ барлығы осы Шығыс Дешті қыпшақ хандарына бағынған.

Сонымен қатар өз руларының аттарын ұмытпаған.

Қыпшақ хандығының оң қанатының орталығы Сығнақ қаласы еді. Бұл жерде сан түрлі керуен жолдары түйіскен. Сығнақ ортағасырлық мәдениеті жоғары дамыған жерде орналасқан қала еді.

Сол қанаты

Қыпшақ хандығының сол қанаты бұл Еділ мен Дунай өзендерінің аралығындағы жерлер. Қыпшақ хандығының сол қанатының орталығы Сарайшық қаласы еді. Сарайшық Жайық өзенінің Қаспий теңізіне құяр жеріне жақын орналасқан көне қала.

Сарайшық та керуен жолдарының бойында орналасқан қала еді. Атақты Ұлы Жібек Жолы Сарайшық пен Сығнақ қалалары арқылы өткен. Осы екі қалада Қыпшақ хандығы заманында - тиын тенге соғу, қыш құмыраларды жасау, киім тігу және басқа өнер түрлері жоғары дамыған. Базарлары мен моншалары да бар еді. Оң қанат сол қанаттан басым болды.

Қыпшақтардың соғыстары

Қыпшақтар Сырдария өзеңі бойындағы қалалар үшін хорезмшахтармен, ал Жетісу жері үшін қарахандықтармен соғысқан. Батыс қанаты сонау Византиямен соғысқан. Және орыс жерлеріне де шабуылдаған. Оғыздармен де соғысқан.

Батыстағы жерлер үшін печенегтермен соғысқан. Печенегтер бұл қыпшақтар сияқты түркі тілді ру. Қыпшақтар бұларды жеңіп өз мемлекетінің құрамына еңгізген.

Қыпшақ хандығының құлауы

Қыпшақ хандығының құлауы Монғол шапқыншылығымен байланысты. Моңғолдарды басқарған Шыңғысхан қыпшақтарды жаулап алды. Кейін бұл жерлер Шыңғысханның үлкен баласы Жошыға тиесілі еді.

Пән: Тарих