× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Керей мемлекеті, керейлер, Тоғрұл хан

Керейлер немесе тарихи деректерде керейіттер деп аталатын ру наймандардың шығыстағы көршісі еді. Бұлар алғашында қазіргі Монғолияның жерінде мекендеген. Солтүстігінде Орхон өзені ал онтүстікте Хуанхэ өзендері аралығында мекендеген.

Керей мемлекетінің астанасы Битөбе деген жерде болған. Найман мен Керейлер сонау түркі қағанаттар заманынан бері Монғолия жерінде мекендеген.

Керей мемлекетінің құрылымы

Керей хандығын хан басқарған. Бұлар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Елдегі әскерді ондық жүйесі бойынша бөлген. Он жауынгер ондықты құрды, жүз жүздікті,... 

Керейлер христиан дінінің несторияндық бағытын қабылдады. Бұларда жазу бар еді. Ханның жарлықтары хатқа түсіп, ханның мөрімен бекітілген. Керейлер Орталық Азиядағы үстемдігі үшін наймандармен бәсекелесті. Наймандар біраз басым еді, олар тіпті керейлер тағына бірнеше рет өздеріне лайықты хандарды қойып отырған.

Тоғрұл хан

Тоғрұл хан кезінде Керей мемлекеті гүлденді, мемлекет күші артты. Керейлер көрші тайпалар мен ұлыстарға шабуылдай бастады. Бұл 12 ғасырдың екінші жартысында еді. 12 ғасырдың 80 жылдары Тоғрұл хан монғолдардың билеушісі Темучинге қамқор болды.

12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың басында Керей мемлекеті әлсірей бастады. Себебі Тоғрұл қартайып шал болды, ал монғолдардың көсемі Темучин керісінше күш жинай берді. 1203 жылы бұлардың арасында соғыс болып, керейлер жеңілді. Керей мемлекеті жойылды да керейлер монғолдардың әскеріне қосылды. Ал Темучин кейін Шыңғысхан деген атақ алды.

Дәл осы жылдары керейлер мен наймандар Шығыс Қазақстан мен Жетісуге көшуді бастайды.

Пән: Тарих