× Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қимақ қағанаты, қимақтар

Алғашында қимақтар Батыс Моңғолия жерінде қоңыстанған. Кейін 7 ғасырдың ортасында Алтай таулары мен Ертіс өзеңі жағалауына көшті. Бұған себеп түркі қағанаттары арасындағы соғыстар.

Қимақ мемлекеті

Қимақ мемлекеті 656 жылы пайда болды. Осы жылы Батыс Түрік қағанатынан бөлініп шықты. Алғашында қимақ билеушісі шад-түтік деген лауазымды алды. Бұның мағынасы билеуші көсем.

Кейін мемлекет кеңейіп, халқы көбейіп, билеуші қаған деп атала басталды.

8-9 ғасыр аралығында қимақтар Ертіс пен Жоңғар қақпасы аралығында мекендеді. Қарлұқтар бұл уақытта Алтайдан Жетісуға көшіп, жерді бос қалдырды. Дәл осы 8 ғасырдың соңында қимақтарға көп қыпшақ тайпалары бағынған. Шығыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін, ұйғырлардан көп түркі текті тайпалалар қашып, осы қимақтарды паналаған.

Кейін, 840 жылы Ұйғыр қағанатың қырғыздар мен қарлұқтар құлатады. Бұл жолы да көп түркі тектес тайпалар қимақтарға барып қосылады.

Қимақ қағанатының пайда болуы

Қимақтар арабтардан да, қытайлардан да біршама алыс орналасқан еді. Сондықтан түргештер, қарлұқтар сияқты көп соғыспады. Тек үйғырлар мен енисей қырғыздармен ғана соғысқан. Алғашында енисей қырғыздарынан шегініп, бірақ кейін күш жинап енисей қырғыздардың тас талқаның шығарған.

Ал жайылым жерлері мен пайдалы қазбалары Алтай мен Шығыс Қазақстанда мол. Бұл қор жинауға, мемлекеттің күшеюіне жақсы жағдай жасады. 9 ғасырдың ортасында қимақтар күш жинап батыстағы жерлерді бағындыра бастады. Алтай мен Ертістен Жайыққа дейінгі жерлерді бағындырды.

Қимақ билеушісі дәл осы жылдары қаған деген лауазымды алды. Қимақ қағаны өз заманындағы ең құдыретті билеушілердің қатарында еді. Қағанның билігі күшті еді.

Қимақ қағанатының астанасы

Араб ғалымы әл-Идриси Қимақ қағанатының астанасы Имақия деген қала болғаның жазады. Бұл қала Ертіс өзеңі жағалауында орналасқан делінеді. 16 қаланың барын жазады.

Бұл қалаларда көшпелі тұрмысқа қажетті заттар жасалған. Сонымен қатар осы қалалар жаудан қорғану үшін де пайдалынған.

Қимақтар пайдалынған жазу

Қимақтар көне түркілердің жазуын пайдалынған. Себебі қимақтар сол көне түркі әлемінің адамдары еді. Көне түркі әліпбиінде жазылған жазуларды пайдалынған. Бұлардың біразын археологтар тапқан.

Қимақтардың шаруашылығы

Қимақтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Бірақ қаладағы адамдар сан түрлі өнерді меңгерген. Қимақ әскеріне қажетті қару-жарақты, киімді осы қалаларда жасап сатқан.

Қимақ қағанатының құлдырауы

Қимақ қағанатында қимақтардан өзге көп тайпалар мен рулар мекендеген. Қыпшақтар солардың арасынан ең көп тарағаны еді. 10 ғасырдың соңына қарай Қимақ қағанының билігі әлсірей бастады. Жергілікті ақсұйектер жеке билік құрғысы келді.

Осы жағдайды қыпшақтар пайдалынып 11 ғасырдың басында билікті өз қолына алды. Қимақ қағанаты жойылып орнына Қыпшақ хандығы пайда болды. Қимақ қағанаты жойылғанмен, қимақтар жойылып кеткен жоқ! Тек мемлекеттегі билеуші әулет қана өзгерді.

Қыпшақтар қимақтардың жолын жалғастырып, өзге жерлерді өз мемлекетіне қоса бастады.

Пән: Тарих